электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


Инклюзивное образование

     

 

Архив статей 2016 г.

 

Инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда кездесетін кедергілер және оларды шешу жолдары

№ 3 (154) март 2016

КӨМЕКБАЕВА С. Е., Қызылорда қаласындағы № 264 мектеп-лицейінің педагог- ұйымдастырушысы

 

Бүгінгі таңда күллі әлемді күрделі идеялармен таң қалдырып келе жатқан адамзат табиғатында түрлі ауытқулар мен әртүрлі деңгейдегі бұзылыстар көптеп кездесіп отыр. Ғасырлар бойы атадан балаға баға жетпес мұра арнаған адамзат баласының бойындағы ауытқулар мен бұзылыстар – бұл заман дерті. Оған көз жұмып қарауға болмас.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстанды бүкіл дүние жүзі тануы үшін, ең алдымен бізге білімді ұрпақ қажет....» деген болатын. Сол үшін елімізге жаны мен тәні сау бала қажет. Осы мақсатта Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесі жолға қойылды. Инклюзивті білім беру дегеніміз – өмірде қиын жағдайға т ап б олған б ілім а лушылардың ж алпы б ілім б еру ү дерісіне қ осылуына, яғни кедергілердің жойылуына әрі олардың сапалы білім алуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік бейімделуіне бағытталған білім беру үдерісі.

Инклюзивті білім алуға төмендегіше санаттағы балалар жатқызылады:

1. Денсаулығында ақауы бар балалар (ерекше қажеттіліктері не мүгедектігі бар балалар).

2. Қоғамда әлеуметтік бейімделуі қиын балалар (әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан төмен деңгейдегі отбасылардан шыққан девианттық мінез-құлықты балалар).

3. Мигранттардың, оралмандардың, босқындардың отбасыларынан шыққан балалар т.б.

Жоғарыда аталған санаттарға жатқызылатын балалар үшін Үкімет арнайы ұйымдар ашып, жалпы білім беретін мекемелерден инклюзивті білім беруді ұйымдастыруды міндеттейді. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының өңірлерінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз білім беру үшін арнайы (түзету) сыныптары мен мектептер ашылып, инклюзивті (кіріктірілген) білім беру жүйесі қалыптасуда. Бірақ инклюзивті білім беруді ұйымдастыру барысында жалпы білім беретін мектептер түрлі қиыншылықтарға тап болатындығы анық. Нақты айтатын болсақ:

Біріншіден, баланың отбасы жағдайындағы хал-ахуал. Бұл ретте ата-ананың инклюзивті білім беру туралы түсінігінің алуан түрлілігі немесе ба лан ы ң бұ зы л ысы на көз ж ұ ма қарауы және баланың денсаулығындағы түрлі ауытқулар мен бұзылыстарды мойындамауынан қиыншылықтар туындайды. Себебі ата-ана жалпы білім беретін мекемелерден тек сапалы білім беруді сұрайтындықтан, арнайы сыныптарға отырғызылған балаларының ұстаздарынан және түзету сабақтарын жүргізетін мамандардан (логопед, дефектолог, психолог) тек сабақ үлгерімін талап етеді. Көпшілік ата-ананың ұғымында бірінші орында баланың білім деңгейі тұрады. Сондықтан барлық мамандар бірлесіп, баланың сабағына күнделікті қарап, үй тапсырмасын орындатып жіберуі тиіс деп есептеп, инклюзивті білім беру жүйесін осылайша түсінеді. Бұл мүлдем олай емес. Ең алдымен инклюзивті сыныптарға білім беретін ұстаздар мен мамандарға ата-ананың оң түсінігі мен көмегі ерекше қажет. Бұл жағдайда отбасындағы татулық үлкен рөл атқарады. Ата-анасының ауызбіршілігі мол болса, онсыз да өзін қоғамнан және өздерінің қатар құрбыларынан ерекше санайтын баласына теріс эмоциялық әсер бермеуі тиіс. Ол үшін мамандармен бірлесіп, ата-анаға психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу қажет. Яғни, ата-ана инклюзивті білім туралы кең көлемде мағлұмат ала отырып, жіберілген қателіктердің орнын толтыруға толыққанды атсалыса алады. Ата-ана мен мектеп педагогтары және арнайы мамандар бірлесіп, жұмыла отырып даму мүмкіндігі шектеулі бала үшін қызмет жасағанда ғана өмірге деген қызығушылығы мен құлшынысы арта түсетіні анық. Осындай кедергілерді жойғаннан кейін барып баладан сапалы білім деңгейін сұратуға болады.

Екіншіден, дамуында әр түрлі бұзылыстары бар балалардың психологиясын білмей, педагогикалық білім беруді толыққанды деп айтуға болмайды. Инклюзивті білім алатын әрбір баланың психологиясына, яғни жан дүниесіне үңілу, жан күйзелісін түсіну керек. Дер кезінде психологиялық көмектің жетіспеушілігінен келесі қиындықтар туындайды: Алғаш рет дені сау баламен бір сыныпқа отырғызылған даму мүмкіндігінде ақауы бар баланың эмоциясы, ішкі әсерлену жағдайы қандай болмақ? Бұл әр баланың сезімталдығына байланысты. Сондықтан бала өзін басқалардан өзгеше санамауына, дені сау баламен тең екендігіне көзін жеткізіп, өзін ортада еркін ұстауы үшін бұл жерде арнайы психология ғылымынан және психологиялық-түзету әдістемелерінен толық хабары бар психолог мамандар жұмыс жасауы керек. Баланың бойын үрей билеу, өзіне деген сенімсіздіктің орын алуы алғашқы және туынды бұзылыстардың орнын толтыруға кедергісін тигізеді. Ол үшін кіріктірілген жүйеде оқитын мектептердегі мамандар денсаулығында ақауы бар баланың психологиялық дамуының динамикасын зерттейді, олардың әртүрлі жағдайларға бейімделу ерекшеліктерін байқау арқылы жүйелі жұмыс жасап, белгілі бір жетістіктерге қол жеткізе алады.

Үшіншіден, педагогтар тарапынан жіберілетін кемшіліктерден туындайтын кедергілер. Инклюзивті кіріктірілген білім жүйесін әр педагог ең әуелі өзі түсінуі тиіс. Сан жылдар бойы ұстаздардың түсінігінде жақсы және нашар деген ұғым қалыптасқан. Яғни, жақсы оқитын оқушы және нашар оқитын оқушы. Әрине, рухани және денсаулығында белгілі бір деңгейде (ми құрылысы зақымдалған, сөйлеу тілінің дамуында бұзылысы, ойлау қабілетінің кенжелеп дамуы т.б) бұзылысы бар баланың сабаққа деген қызығушылығы зор бола бермейді. Сондықтан үлгерім деңгейінің нашар болуы да заңды. Сол себепті нашар оқитын оқушы деп есептеп, назардан тыс қалдыру біздің ортада көптеп кездеседі. Ал инклюзивті білім бере отырып, кедергісіз орта ұйымдастыруда ұстаз өз көзқарасын түбегейлі өзгертуі тиіс. Ұстаздың ұғымында «Баланың бәрі бірдей» деген ұстаным қалыптасуы керек. Дені сау балаға қарағанда мұндай балаға көптеп көңіл бөліп, сыныпта ол бала үшін қолайлы орта қалыптастыра алуы қажет. Барынша мейірім шуағын төге отырып, білім беру жүйесі деңгейлеуі керек. Көбінесе бұндай сыныптарға сабақ жүргізетін ұстаздар деңгейлік тапсырмаларға жүгінеді. Күнделікті сабақты түрлендіріп, топпен, жұппен жұмыс жасай алған, сынып ішінде көңілді ахуалды негізге алып, сабақ жүргізе алған мұғалім ғана кедергісіз білім бере алады. Сондықтан инклюзивті кіріктірілген сыныптарға теориялық сауатты, жаңа технология әдістерімен қаруланған, шығармашылық қабілеті мол мұғалім ғана білім бергені жөн. Ұстаздар күнделікті сол балалармен тығыз қарым-қатынаста болатындықтан ғалым Л.С. Выготскийдің «Бала дамуындағы біріншілік және екіншілік бұзылыстары туралы ұғымды білуі керек. Алғашқы ақау қандай да бір биологиялық жүйенің зақымдалуы мен жетілмеуінен пайда болса, екінші бұзылыс жүре бара солардың негізінде қалыптасады» деген анықтамасы жадымызда. Яғни, туа бітті ақау және өсе келе пайда болған бала бойындағы бұзылыстардың бар болуы мүмкін, оларды үнемі ескеріп отыру қажет.

Бала бойындағы бұзылыс биологиялық негізден қаншалықты алыс болса, соншалықты психологиялық- педагогикалық түзетуге оңай бағынады. Сол себепті бұндай сыныптарға сабақ беретін ұстаздар мен арнайы мамандар осы ара жікті зерттей отырып, бала бойындағы бұзылыстың орнын толтыра алады.

Төртіншіден, сынып жетекшісініңұ йымдастырушылық қабілетінің төмендігінен (немесе әлсіздігінен) туындайтын қиыншылықтар. Сынып оқушыларының пікірлері мен ол балаларға деген көзқарастарының да өзіндік орны бар деп есептеймін. Олар орталарына келген даму мүмкіндігі шектеулі балаларды дұрыс қабылдап, мазақтау немесе кемсіту сияқты түрлі келеңсіздіктерге жол бермеулері керек. Балалар арасындағы ахуалдың дұрыс болуына осы ретте сынып жетекшісінің көмегі мен қолдауы қажет болады. Денсаулығында түрлі деңгейдегі ақауы бар балалардың онсыз да жан-дүниесі нәзік болады. Сондықтан сынып жетекшілері екінші аналары деп түсінетін бұл балаларға шебер, көпжылдық тәжірибесі бар сынып жетекшісі керек.

Дені сау бала және ерекше қажеттіктері бар балаға қатар білім беру мен тәрбиелеу, олардың екі түрлі таным әлемін бір арнаға тоғыстыру көп еңбекті қажет етеді. Сол себепті инклюзивті білім беруде жалпы білім беретін мекемелердің педагогикалық ұжымы бастапқы түсінікті жүйелі жүргізіп, аталған балалармен дені сау балаларды қатар, кедергісіз оқытуда тиянақты жоспар құрып, моралдық және әлеуметтік тұрғыдан дайын болуы керек. Сол кезде ғана жоғарыда айтылған кедергілер мен түрлі қиыншылықтарға тап болмайсыз деп есептеймін. Инклюзивті білім беруге рухани дайын емес ұжым даму мүмкіндігі шектеулі балаға сапалы білім бере алмасы анық, ал өз баласының бойындағы түрлі олқылықтарға мән бермейтін, жан күйзелісін түсіне алмайтын ата-анадан шынайы демеу күте алмасымыз да анық. Сондықтан да білікті маман, мейірімді ата-ана, қолайлы орта туындаған кезде ғана қоғамда өз орнының бар екендігін түсіне алатын дені сау, білімді бала тәрбиелеп өсіре аламыз.

Қорыта келе қандай бала болмасын ол адамзаттың бір бөлшегі дегіміз келеді. Ал адамзат – қоғамдағы ең құнды фактор. Әрбір бала бақытты өмір сүруге хақылы. Сондықтан өз ұрпағымыздың бақытты өмір сүруіне бірлесе отырып қызмет қылған жөн.


Инклюзивное образование






 


 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях

 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no
 
 
 

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел.8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10