Smart-education: білім беруді дамытудың жаңа жолы
№ 3 (144) март 2015г.
К.К. ТОБАТАЕВА, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы, ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қоғамдық байланыс және баспа бөлімінің бастығы
Білім беру ұйымдарына электронды оқыту жүйесін енгізу ҚР 2011-2020 жж арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Электронды оқыту жүйесін білім беру ұйымдарына енгізудің басты мақсаты оқыту үрдісінің барлық қатысушыларына тең дәрежеде үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуіне негізделген.
SMART қоғамының құрылуы – дамудың өзекті тенденциясы. Қоғаммен бірге білім беру жолдары да өзгереді, SMART Learning білім алушылар өз білімдерін көрсете алатын инклюзивті және дамыта оқыту, контексті түсіну деңгейінің жоғарылауы, тыңдаушыларды жетілу арқылы жандандыру және өз білімдерін қалыптастыру, ақпараттық үрдіс, өзін-өзі өнімді оқытуға баулу сияқты мақсаттарды көздейді. Smart оқытудың нұсқаулық үлгісіне, әмбебап сервисі мен контенттің қолжетімділігіне ерекше назар аудару керек. Сол себепті де қабылдау үрдісінде білім алушыны жалықтырмау үшін интерфейстік дизайн нұсқаулығы және үздік контент туралы ойлану қажет. Контент интерактивті, қызықты, барлық адамдарға қолжетімді болуы үшін Smart және U-learning элементтерін қолдану керек. Біз SMART-қоғамда, немесе басқа сөзбен айтар болсақ – ақылды қоғамда өмір сүрудеміз. Бұл дегеніміз – біз өмірімізді жақсартуға арналған техникалық құралдар мен әртүрлі орталықтардың қоршауындамыз. Бүгінгі таңдағы барлық жерден, әлемдік желіден деректер алу мүмкіндігі, әлемдік білім мен тәжірибе көлемінің қолжетімділігі, барлығымызда дерлік бар көпатқарымды құрылғы, гаджеттер біздің өмірімізді, бос уақытымыз бен жұмысымызды жеңілдетеді. Олар: смартфондар, планшеттер, ультрабуктер мен өзге де алуан түрлі за- манауи технологиялар.
SMART – оқытудың негізгі аспектісі – білім берудің ыңғайлы және ашық ортасын құру: гаджеттерді пайдалану, ашық білім беру қоры, басқару құрылымы. Біз өмір сүріп отырған қоғам, бүкіл әлем дамуда, соған орай адамдардың қажеттіліктері де өсуде, жүзеге асырушы құралдар да кемеліне жетуде. Кеше ғана біздер өзімізді технологиялық құрылғылармен қоршап, адамдық жүйе құрып, аналогтік есептеулерді қолданған индустриялды қоғамда өмір сүрдік. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғамда бағдарламалық қамтамасыздандыруға сүйеніп құрылған компьютерлік жүйе мен сандық ойлау нарықтағы өзектілердің бірі, ал ертең бізді ақпараттық жүйе мен будандық ойлау, ақпараттық технология үстем болатын қоғам күтіп тұр.
Электронды оқытуды дамыту дәйекті түрде инфрақұрылымның ширақ дамуына сәйкес келесі алгоритмдер арқылы жүзеге асады: E-Learning; U-Learning (Ubiquitous-Learning, жаппай оқыту); M-Learning (Мobile- Learning мобилді оқыту); SMART- education.
SMART оқыту – бұл икемді оқыту: еркін қолжетімділігі бар, білім беру шектеулерін кеңейтуге мүмкіндік беретін, тек қана білім алушылардың саны емес, уақыт пен кеңестік көзқарасы тұрғысынан да білім беру, кез-келген уақыт пен барлық жерде қолжетімді, бүкіл әлемдік контент көмегімен мобилді құрылғыны пайдалану негізінде интерактивті білім беру.
SMART – қысқарған сөз (Self-directed, Motivated, Adaptive, Resource free, Technology embedded), жеке тұлғаға білім беруді бағдарлау, ішкі ынтасын жетілдіру, бейімденуі, қорға еркін қолжетімділігі, технологияларды пайдалану дегенді білдіреді.
Білім берудегі SMART ұғымы – оқыту үрдісіне қатысушылардың құзіреттілігін үздіксіз дамыту үшін интеллектуалды орта құру, оқу үрдісіндегі ресми және бейресми іс-шаралармен қоса қолданысқа енген жаңа құзіреттіліктерді қолдану жолдарының тәртіп көрсеткіші болып табылады. Мұндай білім берудің техникалық базасы болып оқушыларға тиесілі құрылғылар ғана емес, білім беру мекемесінің де барлық құрылғылар тобы жатады: қарапайым компьютерлер, ноутбуктар, планшеттер, смартфондар. Бұлар ақылды экономика мен сандық қоғам талабына сай табысты іс-әрекеттер үшін қажетті білім беруді мақсат етеді.
SMART оқытудың негізгі мінездемесі: әртүрлі операциялық жүйелерге арнап жасалынған бағдарламалық қамтамасыздандырудың сыйымдылығымен қаруландыру; оқыту ақпаратының тұтастығы мен үзіліссіз оқу үрдісінде білімді тең дәрежеде алуларына мүмкіндік жасау; уақыт пен орынға тәуелсіз, мобилді, үзіліссіз және оқу ақпаратына қолжетімділіктің қарапайымдылығы; оқытушы мен оқушының мобилді құрылғылар арқылы автономды түрде оқу ақпараттарына қол жеткізуі; әртүрлі мотивациялық үлгілерді анықтау; жеке және ұйымдық мақсаттармен жұмыс беруші мен білім беру мекемесінің арасындағы өзара байланыс; құзіреттіліктердің өзгерген көрсеткіштерін бағалау – оқу үрдісінің нәтижесі алған біліммен ғана емес іс-тәжірибеде қолдана алуымен де өлшенеді; икемді оқыту артықшылықтар мен білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін көрсетеді (оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып білім беруді жоспарлау мүмкіндігі мынандай: бастапқы білім, тәжірибе мен дағды; білім беру стилі; оқытудың әр сәтінде физиологиялық және психологиялық жағдайға дейін).
SMART оқытуды тарату шарттары. Формалды және формалды емес білім беруді мойындау. Құзіретті- бағдарлау – мамандық құзіреттілігі мен белгілі бір үлгілер негізінде мазмұнын жаңарту. Техникалық құрылыстағы құрылымдық өзгерісті және SMART құрылғыны оқу үрдісіне енгізуді қамтамасыздандыру оқу үрдісінде барлық қатысушылардың құзіреттілігін үзіліссіз басқару арқылы жүзеге асады. Білім беру ортасына өзіндік диагностика құрылғысын енгізу білім беру ортасын тұрақты атқарымдардың барлық элементтерімен (аппаратты бөлімдері мен контентті) қамтамасыздандыруды көздейді.
Үздіксіз ұстанымды тарату үшін тұғырнамааралық жолмен білім беру ұйымдарындағы бар операциялық жүйелерге бейімделетін бағдарламалық қамтамасыздандыруды енгізу керек. Микроүлгілерді, әр түрлі құрылғыларды пайдалану арқылы білім беру контентін жоғарғы жылдамдықта жаңарту. Білім беру контентін әзірлеуде құрылғыларды пайдалану зияткерлік ортада қолданылатын құрылғы пішімінде объект жасауға мүмкіндік береді. Бағалау жүйесінде оқытудың мерзіміне емес, оның нәтижелілігіне назар аударуымыз керек. Оқуға дейінгі және кейінгі құзіреттіліктерді анықтау үшін нақты өлшемдер қажет. Метрикалық өлшемнің барлық қорытындысы оқыту үлгісінің сараптамасы үшін электронды портфолиода сақталады.
Электронды оқытудың қорына: видеоматериалдар, видео және онлайн дәрістер, тренажерлар, сандық кітаптар және т.б. кіреді.
Контент әзірлеудегі міндетті кезеңдер:
- контент жоспарының жобасы (мақсаты, мазмұны, бағалау жүйесі);
- контент әзірлемесін дайындау (StoryBoard);
- контент мазмұнын әзірлеу, жалғасымдылық уақыты 25 минут.
Электронды оқытуды қолдану барысында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі нақтылануы керек. Дәстүрлі бес ұпайлық бағалау жүйесі электрондық оқытуда қолданыла алмайды, себебі:
- оқушы бойында оқу дербестігінің « негізгі кірпіші» – бағалау дербестігін қалыптастыруға толыққанды мүмкіндік бермейді (аталған қабілет білім берудің жаңа сапасын анықтайтын негізгі құзіреттілік екендігін мойындатты);
- жекелей оқытуды қиындатады, оқушылардың білім алудағы алдыңғы қорытындыларын нақтылы жеткен деңгейімен салыстыра отыра бағалау қиындық тудырады;
- аз ақпаратты болып табылады, нысанды және жабық сын нақты білім деңгейін көрсете алмайды, ең бастысы, ары қарай күш жұмсау векторын, яғни нені нақты жетілдіру керек, немен жұмыс жасау керек, бұл білім алушының мүмкіндігі қандай екендігін анықтауға мүмкіндік бермейді;
- жиі жаралаушы болып келеді, оқушы үшін алдау қаруы және психологиялық қысым болуы мүмкін.
«Оқу үшін білім алу» жаңа ұғымы оқушыларды білім алу барысында жеке қиындықтарын жеңуге негіздейді, күрделі ептілік пен іскерлік іс-әрекетін қалыптастыру деңгейін тексеруде әдіснамалық жаңа бағалауды талап етеді.
Нәтижелі білім беруге бағытталған оқытудың бағалау жүйесі мүмкіндік беруі тиіс:
- ақпараттық және мөлшерлі қайтарымды қатынасты жүзеге асырып, білім алушыларға бағдарламаны орындау туралы ақпаратты беру арқылы ол қаншалықты алға жылжыды, бағдарламаны орындау деңгейінде неге ерекше назар аударуын көрсету арқылы әлсіз тұстарын көрсету, ал тьюторға бұл қайтарымды қатынас қойған мақсатына жету туралы ақпаратты береді.
- оны көтермелеу түрінде қолдану, бірақ жазалау емес, оқуға ынталандыру, білмейтін тұстарын қарастыруға, білетінін жетілдіруге пайдалану;
- бағалау жүйесі арқылы білім алушының өз екпінімен сәл болса да алдыға ұмтылысын көрсету;
- оқушыларды жетістікке бағдарлау;
- шектелген топтағы білім алушылардың жетістіктеріне ғана емес, терең негізіне сүйену, өзін-өзі бағалауының қалыптасуы мен дамуына көмектесу.
Бүгінгі таңда әдебиетте «қалыптастырушы бағалау» термині кеңінен қолданылып жүр, бағалау ең алдымен оқушының жеке қалыптасуына бағдарлануы тиіс.
Қалыптастырушы бағалау (кей кезде ішкі деп те аталады) әр оқушының жеке жетістіктерін анықтауға бағытталған, бұл бағалау қорытындыны салыстыруды және әкімшілік тұжырымды қажет етпейді.
Бағалаудың бұл түрін қалаптастырушы деп атау себебі, баға нақты оқушыға бағытталған және сол оқушының тақырыпты меңгерудегі олқылықтарының орынын тиімді толтыру үшін беріледі.
Бағалаудың сыни жүйесі білім беруде жоспарланған барлық іс-әрекетті бағалау үшін өлшемдер жүйесі құрылады деп топшылайды. Мысалы, электронды оқытуда форумға қатысу қарастырылса, форумда білім алушылардың жұмыстарын бағалау үшін бағалау өлшемдері көрсетілу керек:
- форумға қатысуы;
- форумда айтылған пікірлер форум тақырыбына сәйкес; форумдағы пікірлер берілген кестеге сай «3- 2-1» (3 аргумент «келісемін», 2 аргумент «қарсымын», 1 «сұрақ»);
- пікірлер сыпайы және әдепті.
2013 жылдың қараша айында Өскемен қаласындағы «№ 2 мектеп-гимназиясына» Samsung Smart School алғашқы жобасы енгізілген болатын.
Samsung Smart School алғашқы жобаны іске асыру бойынша инновациялық іс-әрекеттің негізгі бағыттары:
- оқу үрдісінде Samsung Smart School интерактивті құрылғысын және бағдарламамен қамтамасыздандыру мүмкіндіктерін зерттеу;
- оқ у-тәрбие ү рдісін де Samsu ng Smar t School қолданудағы педагогикалық тәжірибені тарату үшін әдістемелік жұмысты ұйымдастыру. Осы бағытта мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту;
- Samsung Smart School мен гимназияның білім беру кеңістігін біріктіру (оқу-тәрбие үрдісінде интерактивті сыныпты қолдануды ұйымдастыру).
Samsung Smart School интерактивті құрылғының мүмкіндіктерін зеттеу және оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асыру үшін мұғалімдерден шығармашыл топ құрылды. Бұл топтың басты тапсырмасы: құрылғының білім берудегі мүмкіндіктерін игеру және педагогикалық тәжірибені мұғалімдер ұжымында тарату. Тұрақты түрде презентация, шебер-класс, коучингтер ұйымдастырылып, ақпараттық бүктемелер шығарылады, т.б.
Ақылды кабинеттің мүмкіндіктерін сабақта пайдалану оқушылардың білімге деген ынтасын арттырады. Оқушылар жеке және жұптық жоба жасау барысында S-Note бағдарламасын белсенді қолданып, сол арқылы коллаждар мен әр түрлі тақырыптарға плакаттар жасап, жобаларын қорғайды. Видеоредактор бағдарламасымен жұмыс істеу барысында пәнді игеруге деген қызығушылықтарын арттыратын клиптер, фильмдер құрастырады. Тілдік пәндерде жоба құру барысында оқушылардың қарым-қатынас құзіреттілігін жетілдіру үшін барлық тілдік іс-әрекеттерді пайдалануға болады, олар: оқу, сөйлеу, аудару және жазу. Жобамен жұмыс оқушылардың субъекті қабілеттерін дамыта отыра әр баланың бойынан даралық, бірегейлік және қайталанбас қабілеттерді көруге, шығармашылық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді. Балалар өз планшеттерінде жеке жұмыс жасау арқылы бір-бірімен ақпарат алмасуға, өзін - өзі тексеру мен өзге оқушылардың жұмысын бағалауға үйренеді. Өзіндік жұмысты өткізу барасында дамыта оқытуды ұйымдастыру және жүзеге асыру өте тиімді: әр планшетке оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отыра тапсырамалар (грамматикалық материал мен үлестірме қағаздар, ми жұмысын жақсарту үшін логикалық жаттығулар) жіберіледі. Smart School мүмкіндігін пайдалана отыра жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады. Сабақта компьютерлік тесттерді, білімдерін тексеруге арналған ойындарды пайдалану аз уақыттың ішінде игерілген материал деңгейін көрсете алады. Мұндай жұмысты ұйымдастырғанда сабақ үлгерімі төмен оқушылар да сабаққа белсене қатысады. Smart School бағдарламасы мұғалімге сабақтың барлық кезеңінде әр оқушының жұмысын ұйымдастыруға, жетекшілік етуге және бақылауға көмектеседі, бірде-бір оқушы мұғалім назарынан тыс қалмайды.
Samsung Smart School гимназиядағы маркетингтік үрдісте де орны ерекше. Сынып мектепішілік, қалалық, облыстық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыруда белсенді қолданылады. Бүгінде оқушылардың, ата- аналардың, педагогтардың, қоғамдық ұйым өкілдерінің үлкен қызығушылығын оятып отыр.
Мектепте Samsung Smart School тәжірибесін пайдалану бойынша мынандай нәтижелерді атап айтуға болады:
- презентациялық және интерактивті Smart School құрылғысын пайдаланудың ыңғайлылығы (All Share технологиясымен пайдалану).
- мұғалімдер мен оқушылардың ақпараттық құзіреттіліктерін дамытудағы әлеуеттілігі (сабақ аясында интернетті және медиаконтентті пайдаланудың үлкен мүмкіндігі).
- оқушылардың креативтілігін (шығармашылығын) дамыту (Samsung Smart School бағдарламасы әртүрлі контентті пайдалана отыра шығармашыл жобалар жасауға мүмкіндік береді).
- оқушылардың ынталарын ояту (Smart School құрылғысымен жұмыс гимназия оқушыларының үлкен қызығушылықтарын тудыруда).
- мектеп педагогтарының кәсіби құзіреттіліктері кеңеюде (мұғалімдер интерактивті құрылғымен және Smart School бағдарламасымен жұмыс жасауға машықтан).
SAMSUNG SMART SCHOOL интерактивті құрылғысының болашағы мектепте өткізілген тәжірибеден айқындалады.
Бұл:
- гимназияда SAMSUNG SMART SCHOOL мүмкіндіктерін мектеп тәжірибесінде белсене қолданатын мұғалімдер саны өсті.
- SAMSUNG SMART SCHOOL ұсынған барлық мүмкіндіктердің жүзеге асуы.
- аталмыш құрылғысы бар білім беру мекемелерімен өзара жүйелік байланыстың аумақтануы.
Білім берудің мұндай жолы әр адамға өмір бойы білім алуға, ақпарат пен білім беретін әртүрлі құрылғыларды өмірінің соңына дейін пайдалануға машықтандырады. Білімде бір жерден ғана қаныққаныңша алатын көз жоқ. Homo-Sapiens уақыты өткен, болашақ Homo-Ludens, ойлап қана қоймай, ойнайтын адамда.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
2. Штода В.А. Особенности применения ЦОР и интерактивной доски на уроках // ИКТ в образовании. – 2009. – № 12 (48). – С. 14-15.
3. Семченко А.А, Мухамбетжанова С.Т., Толыкбаева Г.Н., Жартынова Ж.А., Коровина С.В. Разработка образовательных контентов в объектно-ориентированной среде «MOODLE» – Алматы: РИПК СО, 2011.
4. Зайнутдинова Л.Х. Создание и применение электронных учебников (на примере общетехнических дисциплин) Л.Х. Зайнутдинова. – Астрахань: Изд-во «ЦНТЭП», 1999.
5. Куклев В.А. Опыт разработки и применения цифровых образовательных ресурсов: от компьютеризированных учебников через сетевые технологии к мобильному образованию // Компьютерные учебн. программы и инновации. – 2006. – № 3. – С. 70-74;
|