Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамытудағы әдістемелік қолдау көрсетудің жаңа тәсілдері
№ 7 (148) сентябрь 2015г.
А.Б. БИПАЖАНОВА, Алматы қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері
Басталайын деп тұрған жаңа оқу жылы Еліміздегі білім саласындағы жүріп жатқан ауқымды өзгерістер мен жаңа көзқарастарға толы кезеңге тұспа – тұс келіп тұр. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам» – Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары жасалды. Жоспардың негізгі мақсаты «АУРУЛАРДЫҢ СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІН» СЫЛАП-СИПАП ҚОЮ ЕМЕС, ОЛАРДЫ «ЖҮЙЕЛІ ЕМДЕУ» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды. Бұл қадамдардың табысты жүзеге асуы білім саласындағы жетістіктермен тікелей байланысты екенін жақсы түсінеміз. Бүгінгі жаһандану заманында өзгермей , дәстүрлі көзқараста қалу қауіпті. Дүние жүзінде мұғалім құзыреттілігіне қойылатын талаптар да өте жоғары. Осы орайда баршамызға мәлім Елімізде білім саласындағы ауқымды өзгерістер осыдан төрт жыл бұрын бастау алған.
Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 2011 жылдың 24 мамырында қазақстандық мұғалімдердің біліктілігін даярлау мен арттыру жүйесін дамытудың тұжырымдамалық тәсілін мақұлдай келіп, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жанынан құрылған Педагогикалық шеберлік орталығына шетелдік серіктестіктермен бірлесіп, ең озық әлемдік тәжірибе мен педагогикалық практиканы пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру дыңдеңгейлі бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлі корталығы Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасын (бұдан әрі – деңгейлі бағдарлама) кезең-кезеңмен әзірлеу, түзету және енгізу бойынша жұмыстар жүргізіп келеді. Осылайша, мұғалімдердің біліктілігін арттырудың қолданыстағы жүйесіне деңгейлі бағдарлама аясындағы қысқа және орта мерзімді курстарды қарастыратын үш айлық курстар қосылды. Деңгейлі бағдарламаның тұжырымдамалық негіздері қазіргі әлемдік ғылыми зерттеулер мен озық халықаралық педагогикалық тәжірибенің нәтижелерін өзара ықпалдасу үлгісін көрсетеді. Теориялық-әдістемелік негіздер ретінде оқытудың сындарлы теориясы, мұғалімдердің өз тәжірибесін зерттеу және тұрақты түрде рефлексиялау қажеттілігі, мектептегі өз әріптестерін оқыту және кеңес беру қажеттілігі ұсынылған. Бұл басқа факторлармен қатар бірқатар елдерде (Сингапур, Жапония, Финляндия, Ұлыбритания) халықаралық білім беру зерттеулерінде жетекші орындарды алуға мүмкіндік берді. Қазіргі заманғы оқыту және оқу жүйелерінің қағидалы ерекшелігі, оқушылардың біліп қана қоймай, ХХІ ғасырда дағдылардың зор сұранысқа ие болатын бар білімдерін, олардың формалды түрде іс-тәжірибеде пайдалануға дайындығын қалыптастыратын негізгі басымдық болып табылады.
ХХІ ғасырдағы дағдылардың кең ауқымын жоғары түрде сипаттайтын моделі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) әзірлеген «Басты құзыреттіліктерді анықтау және іріктеу» жобасы (OECD, 2005) (бұдан әрі – Жоба) болып табылады. Аталған жобаның басты құзыреттілігі (әсіресе, оқушылардың шешімдерді және әрекеттерді таңдау қабілеті бойынша) базалық сауаттылықты және терең тұжырымдамалық түсінікті көздейтін кең мәндімәтін қарастырады. Оған мұғалімдердің жеткілікті уақыты болу керек және оқушылардағы білім мен дағдыларды дамытуымен қатар, оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы құзыреттілікті атқаруы тиіс. Бұл ретте, білім беруді жекешелендірудің және оқушыларда метасананы – қалай оқытуды үйрету керектігіне (Schleicher, 2012) дағдыландыруға қалыптастырудың маңыздылығын ұмытпаған жөн. Оқытудың инновациялық ортасында ЭЫДҰ (Schleicher, 2012) әзірлеген «Мұғалімдерді даярлау және 21 ғасырға мектеп көшбасшыларын дамыту: дүниежүзілік сабақтар» тақырыбындағы салыстырмалы талдауы деңгейлі бағдарламаны әзірлеу барысында пайдаланылған төмендегі тұжырымдарды қалыптастыруға мүмкіндік берді:
- Мұғалімдерге оқыту стратегияларындағы түрлі құралдардың молдығын, оларға әртүрлі педагогикалық тәсілдерді ұштастыру үшін мүмкіндіктерді ұсынуды, сонымен қатар көрсетілген басты мәселелердің біріне берілетін жауапты білуді қажет етеді:
Қалай және қандай жағдайларда әрбір нақты әдіс пен стратегияны қолданудың тиімділігіне жету мүмкін болады?
- Мұғалімдердің қолданылған стратегиялары барлық сыныпқа жалпылай оқыту мәселелеріне, сондайақ жүзеге асырылатын зерттеулердің мазмұндық бағыттылығына, топтағы жұмыстарға және оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне тікелей байланысты болады.
Осымен бірге, мұғалімдердің оқыту стратегиялары әр оқушының жеке кері байланысынан оқшауланбауы тиіс.
- Мұғалімдерге оқытудың қалай жүретіні, жеке оқушылардың ынталарының деңгейлері, олармен кешетін эмоциялары және олардың мектептен тыс өмірлері туралы жеткілікті білімдері қажет.
- Мұғалімдерге тек олардың беретін пәні бойынша әріптестермен ғана емес, сонымен қатар басқа да оқытылатын пәндердегі әріптестермен; бір ұйымның өкілдерімен және басқа ұйымдардың қатарымен; коучинг және мониторинг жүйелерінің белсенді қатысуын көздейтін желілік кәсіби қоғамдастықтар мен әртүрлі әріптестік келісімдер аясында әрекеттесуге үйренуі қажет.
Мұғалімдерге ақпараттық технологиялардағы және оқытудың тиімді құралы ретінде, әсіресе оқыту барысында сандық ресурстарды тиімді пайдалану саласындағы бекемді дағдыларды игеруі қажет, сонымен қатар оқушылардың оқу барысын қадағалау мақсатында білім беру жүйесін басқарудың автоматтандырылған жүйесін білу керек.
- Мұғалімдер әріптестермен әрекеттесуде және оқу ортасын әзірлеуге, басқаруға және жоспарлауға қатысуда өзінің әлеуетті кәсіби дағдыларын жетілдіруі тиіс.
- Және маңыздылығы бойынша аталғандардан кем емес: өз тәжірибесіне қарап, одан әрі дағдылану үшін мұғалімдерге өз тәжірибесінің барысында үздіксіз түрде рефлексия жасап отыруы керек.
Деңгейлі бағдарлама мұғалімге оның іс тәжірибелік жұмысына, тез қарқынмен дамып келе жатқан әлемнің шарттарында берілген пәннің ерекшелігіне қарамастан қазақстандық мұғалімдердің әдістемелік құралдарды, олардың жалпы педагогикалық, жалпы әдістемелік тәсілдерін кеңейтуге қолдау көрсету мақсатында әзірленді. Деңгейлі бағдарлама аясында білім беру барысындағы орталық фигура ретінде оқушының тұлғасы, оның өзін-өзі реттеу мәселесі, ХХІ ғасырға белсеңді және сәтті қолдану дайындығы анықталды. Бұл өз кезегінде деңгейлі бағдарламаның пәннен тыс негізін құрайтын модульдердің тақырыбын анықтады, атап айтқанда: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сын тұрғысынан ойлауға оқыту; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану; талантты және дарынды балаларды оқыту; оқытудағы басқару және көшбасшылық. Деңгейлі бағдарлама әрбір кезекті деңгейден өткен деңгей бойынша өзекті идеяларға негізделеді. Бағдарламаның деңгейлері аталған өзгерістер аясында өзгерістерді пайдаланудың ауқымымен және педагогтің рөлімен ерекшеленеді.
Үшінші деңгейде мұғалімдерді сыныптағы оқыту барысын басқаруына дайындау жүргізіледі, екінші деңгейдің аясында мұғалімдердің мектептегі оқыту барысын басқаруына дайындау жүргізіледі. Бірінші деңгейде мұғалімдердің мектептегі және мектептер желісіндегі оқыту барысын басқаруына дайындау жүзеге асырылады. Осылайша, деңгейлі бағдарлама аясында оқу мұғалімнің әдістемелік қорын байытумен қатар, білім берудегі таптаурындарды жоюға және заманауи әлем жағдайында маңызды педагогикалық мәселелер қатарын шешуге мүмкіндік береді, дегенмен, осындағы ең маңыздысы – мұғалім оқуды аяқтағаннан кейін жұмыс орны бойынша өз әріптестеріне оқыту және тәлімгерлік үдерістерін жүзеге асыру дағдыларымен қамтамасыз етеді. Аталған дәлелдеме мұғалімдердің жеке оқытылған кездегі сапасына ғана емес, сонымен қатар мектептегі өзінің іс тәжірибесін және өз әріптестерінің іс тәжірибесін жетілдіруге қабілетті мұғалімдердің «сыни салмағының» арқасында мектептегі тәжірибені қайта құру жүйесіне жағымды әсерін тигізетіні туралы үмітін білдіруіне мүмкіндік береді.
Деңгейлі бағдарламаның мазмұнын және оқыту жүйелерін жетілдіру мақсатында Педагогикалық шеберлік орталығы мазмұнның сапасын және тыңдаушыларды курстық оқытудың нәтижелілігін мониторингілеу ж ұ мыстары іске асы ры л уда. Тыңдау шы лардың пікірлеріне сәйкес курстардың тиімді құрылымы мен форматы мұғалімдерге теориялық материалдың үлкен көлемін меңгеруге, оны өздерінің сыныптарында тексеріп қабылдауға, әріптестермен талқылауға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, курстарды өткізу форматы мұғалімдердің психологиялық тәртібін айтарлықтай өзгертті: пассивті тыңдаушылардан белсенді зерттеушілерге айналды. Мұғалімдердің көбі бұрын болмаған таныстырылымдарды жасау бойынша, көпшілік алдында сөйлеу, жазбаша рефлексия, құжаттамалау, жоспарлау сияқты және т. б. дағдыларды меңгерді. Курстар мұғалімдердің кәсіби және жеке қасиеттеріне әсерін тигізді, олардың оқытудағы стилі мен әдістемесін өз гертті, білім беру қызметіне және әріптестермен белсеңді мамандықтағы қатынастарға ынталарын арттырды, білім берудің философиясы сияқты негіз болатын сұрақтарды қайта қарастыруға мүмкіндік берді, оқушы-оқушы, оқытушы-оқушы, мұғалімнің зерттеу жұмысы арақатынастары, білім беру қызметінің көптеген өзекті мәселелеріне жауаптар табуда бұрынғы қажеттіліктерді қанағаттандырды және өздігінен білім алу үшін бағыттарды нақтылады. Осы орайда біз, жетілдіру мақсатында өзінің іс тәжірибелік қызметін зерттей алатын, шығармашылық тұрғыдан ойлайтын пікірлес-педагогтерден тұратын кәсіби қоғамдастықты құруға, сонымен қатар, өзінің туған мектептерінде және өңірлік мектептерде оқыту мен оқудың инновациялық әдістемелерін әзірлеуге кірісеміз деген ойымыз бар, тек мұнымен тоқтамастан, алған тәжірибені аудандар, облыстар мен барлық республика бойынша мұғалімдермен бөлісуді көздейміз. Деңгейлі бағдарлама курстарының тыңдаушылары қатарынан Педагогикалық шеберлік орталығы сайтының базасында қазақстандық мұғалімдердің кәсіби желілік қоғамдастығы құрылған. Бұл қоғамдастық білімді жедел түрде айналымға енгізуге және аударуға мүмкіндік береді. Осы ретпен Қазақстанның әр түкпірінде тұратын мұғалімдердің бір-бірімен байланысуы мен тәжірибе алмасуына, онлайн және оффлайн режимінде мәселелерді қарап, бір-бірінен үйренуіне, ынтымақтасуына, мәселелерді талқылап, сондай-ақ проблемаларды бірлесе шешіп, инновацияларды енгізуде өңір мен еліміздің барлық балалары үшін ұжымдық жауапкершілікті қабылдай отырып, оқыту мен оқу үдерісін одан әрі жетілдіруге барынша мүмкіндік жасауына қол жеткізетін боламыз.
Еліміздің білім са ласында болып жатқан оң өзгерістерге байланысты Сіздердің әрқайсыларыңыздың ұжымдарыңызда деңгейлі бағдарламаны меңгеріп, сертификатталған мұғалімдер саны жылдан жылға артып келеді. Сіздер, мектеп директорының орынбасарлары ретінде осы ұстаздарға ең бірінші зор қолдау көрсете отырып, сенім арта отырып, әлеуетін тиімді пайдаланып мектепте осы деңгейлік бағдарламаның идеяларын тарату үшін әдістемелік жаңа тәсілдер енгізулеріңіз қажет. Ол үшін олардың әр іс-шараларына бірінші кезекте өздеріңіз белсене қатысып, осы бағдарламаның идеяларын мұғалімдермен бірлесе отырып меңгерулеріңіз өзекті мәселе.
Сонымен бірге, енгізілген инновацияның толыққанды нәтижесін көру, өзгеріс енгізу үдерісіне мектеп басшыларын тарту, мектеп көшбасшыларын қалыптастырып, команда құру мақсатында Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы әзірленіп, 2013 жылы жүзеге аса бастады. Осыған байланысты білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы Республикамыздың үш өңірінде Алматы, Астана, Орал қалаларыңда мектеп басшысынын біліктілігін арттыруда. Біздің Алматы қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының өзінде 2014 жылдан бастап Оңтүстік өңір мен Алматы қаласының мектеп директорлары мен орынбасарларының 580 –нен астамы біліктілігін көтерді. Тек Алматы қаласы бойынша мектеп директорлары мен директордың орынбасарларының 48 пайызы осы бағдарлама бойынша оқыды. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Аталған Бағдарлама Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру жүйесін жаңғырту тұрғысынан мектеп басшыларын кәсіби дамытуға бағытталған. Бағдарламаның міндеттерінің ішінде негізгі міндеттің бірі – заманауи басшының рөлі мен миссиясы, жеке тұлға ретінде және кәсіби тұрғыдан өзін өзі жетілдіру, мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету туралы түсінігін дамыту. Басшы ретінде қолдау көрсете отырып , мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін қалай анықтайсыздар , оларға кері байланыс қалай беріледі? Бағдарлама аясындағы жаңа әдістемелік қолдау көрсету жолдары жайлы айтып өткім келіп отыр.. Жетілдіру, инновациялар мен өзгерістерді енгізуге жетекшілік ету.
Инновациялар мен өзгеріс енгізуді басқару.
Оқушылардың білімін тереңдетуге ықпал ететін бірлескен, үйлесімді және инновациялық мектеп мәдениетін құруды жақтаушы үздік мұғалімдер мен көшбасшылар озық педагогикалық тәжірибені тарата отырып, ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесіндегі мықты мұғалімдер мен озат оқушылар қатарын арттыру арқылы балалардың өмірін арайландырады.
Үздік көшбасшылар:
Өзгеріс енгізу – шешімі күрделі үдеріс екенін біледі.
Оқу мен оқыту тәжірибесін жетілдіру мақсатында инновация мен өзгеріс енгізу барысында тиімді қарымқатынас пен ынтымақтастық маңызды болып табылатынын түсінеді.
Жағдайды нақты белгілеп, тәжірибе алмасу жоспарын әзірлей алады.
Араларындағы озық мұғалімдерді анықтайды (Үшінші, Екінші және Бірінші деңгей бой-ынша оқитын мұғалімдер). Әріптестерімен бірлесе жұмыс істеу үшін мұғалімдердің көшбасшылық әлеуетін арттырады. Ресурстармен қамтамасыз етілген және жан-жақты қолдау көрсетілген оқу және өзгеріс енгізу стратегияларына қатысады (мысалы, іс-әрекеттегі зерттеу, Lesson study және әріптестер коучингі). Барлық оқушылардың оқуын түрлендіру үшін қажетті сыныптың ұзақ мерзімді инновациялық бағдарламаларын орындайды. Барлық деңгейлерде жоғары нәтижеге ұмтылуға ынталандырып, жұмыс тиімділігінің төмен болуымен күресіңіз. Мұғалімдердің тиімді жұмысын, түзету енгізуін және қарқынды бақылау жүргізуін көтермелеңіз. Бөлінген басшылық арқылы жұмыс істеу барлық оқушылардың өзі үшін ең үздік болып табылатын нәтижеге қол жеткізуіне ұмтылып, өз оқуына қызу тартылуына ықпал ететін стратегия жүргізуге мүмкіндік береді.
Мұғалімнің кәсіби дамуының құзыреттілік талаптары мұғалімдердің кәсіби қызметінің сапасы мен тиімділігін анықтауға, кәсіби шеберлігі мен әдістемесін жетілдіруге, мектептегі әріптестік қарымқатынас құра білуге, оқушының жан-жақты дамуына жағдай туғызудағы іс-әрекетін зерттеу мүмкіндіктерін қарастыруға бағытталған. Мұғалімдер құзыреттілік талаптарына сәйкес оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде әрбір оқушыны қабілеті мен дағдысына сай, оны арттыруға тиімді педагогикалық, инновациялық әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолдана білу шарт.
Мұғалім өзінің педагогикалық-психологиялық құзыреттілік деңгейін, адамгершілік принциптерін ұстануы қажет.
Мақсаты: оқушыға сапалы білім беруде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің сапасын дамыту, жетілдіру және әдістемелік қолдау.
Педагогикалық шеберлік орталығы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп ҚР жалпы білім беру ұйымдары мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы және мектеп тәжірибесінде педагог кадрлардың біліктілігін арттырудағы деңгейлік бағдарламаны еңгізудің сапасы мен мектеп мұғалімдерінің кәсіби мәселелерін қалыптастыру мақсатында алынған сауалнамалардың және мектеп директорларынан алынған сұхбаттардың нәтижесінде мұғалімдердің кәсіби дамуға қатысқан шаралар курстар, басқа мектептердегі немесе өз мектебіндегі семинарлар, оқыту семинарлары, конференциялар, мектептегі өзара оқыту мен коучинг, тәлімгерлік жұмыстарды көрсеткен. Зерттеу жүргізу мақсатында басқа мектептермен байланыс, жеке немесе бірлесе жүргізілген зерттеулер, кәсіби қоғамдастықтар, кері байланыстар, бағалау арқылы кәсіби даму шаралары көрсетілмеген. Яғни, әлі де болса дәстүрлі кәсіби даму шараларынан шыға алмай жүргеніміз байқалады.
Сондықтан мұғалімнің кәсіби қызметін дамытуда да маңызды қадамдардың бірі – мұғалімдерге әдістемелік жетекшілік ету деп ойлаймын.
Әдістемелік жетекшілік – мұғалімнің қызметіне оңтайлы ақпараттық, әлеуметтік –психологиялық, диагностикалық түзетулер мен толықтырулар енгізу жұмыстарын қарастырады. Сонымен қатар, мұғалімдерді кәсіби дамыту үшін мектеп басшыларына келесі ролдерді ұсынар едім.
Елімізде жүзеге асып келе жатқан бұл бағдарлама өте құнды және өте тиімді. Үздіксіз өмір бойы өз кәсіби біліктілігін көтеру мәдениетін қалыптастыруға қабілетті бағдарлама деп толық айтуға негіз бар. Бүгінгі басқосуда маған берілген 15 минуттың ішінде толық мәлімет беру мүмкін емес, әрине. Бірақ сіздерде үлкен мүмкіндік- сіздердің жаңашыл – деңгейлі бағдарламаны меңгерген мұғалімдеріңіз және Білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін көтеру бағдарламасы бойынша оқыған әріптестеріңіз бар. Осы әріптестеріңізбен бірлесе отырып , кәсіби қоғамдастық аясында , толық игеруге болады. Әрбір заманауи басшы өз мектебінің артықшылықтары, өзіндік «келбеті», мәдениеті болғандығы, оқушыларға сапалы білім бергендігін, мұғалім мен оқушы, мұғалім мен ата-аналар арасында жақсы қарым- қатынас, диалог болғандығын қалайды. Осының барлығы мектептің т ұ рақты дам у үдерісі. Лу начарск ийдің сөзімен айтқанда «Біздің қайсымыз болмасын, басқаларды басқаруға ұмтылсақ, үнемі әрі бас алмай оқуымыз керек»
Қазақстандық педагогика саласындағы заманауи ғалымымыз А.Х. Алимов айтқандай «Сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйрену/үйрету қажет»деген ұстанымға шақырамын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Басшыға арналған нұсқаулық, ПШО. – Астана, 2012.
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 1 деңгей, ПШО. – Астана, 2012
|