электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2016 г.

 

Болашақ педагогтың инновациялық үрдістер негізіндегі білім беруді дамытудың амалдары

№ 2 (153) февраль 2016г.

АЮПОВА Г.Т. , Астана қ., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасы


Қазіргі кезде әлемдегі жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды да анықтауда. Техника мен ғылым көлемінің ұлғая түсуі мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарауға, әсіресе мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына койылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дәлелдеп отыр. Инновациялық үрдіс процедуралар мен құралдардың жиынтығын танытады. Олардың көмегі арқылы ғылыми жаңалық, идея әлеуметтік, оның ішінде білім берудегі жаңа енгізілімге айналады. Сөйтіп, идеялардың жаңа енгізілімге айналуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ осы үрдісті басқару жүйесін қалыптастыратын іс-әрекет инновациялық іс-әрекет болып табылады.

Инновациялық іс-әрекет – дәстүрлі іс-әрекеттен түбірлі түрде ерекшеленіп тұратын индивид іс-әрекетінің негізгі түрлерінің бірі. Ол барлық уақытта қарама-қайшылықтар болған жағдайда іске асырыла- ды. Іс-әрекеттердің дәстүрлі модельдері тиімсіз болса, ары қарай оның жетілдірілуі қажетті нәтиже бере қоймайды.

Инновациялар былай бөлінеді: білім беру мазмұнындағы инновациялар, оқыту технологиясындағы инновациялар, білім беру жүйесінің тәрбиелеу функциясы саласындағы инновациялар, педагогикалық құралдар жүйесіндегі инновациялар.

Инновациялар мен бастамашыл (орталықтандырылмаған) жаңа енгізілімдердің қалыптасуы тұрғысынан білім беру жүйесіне жасалған талдау көрсеткеніндей, олардың пайда болуы әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлердің неғұрлым жалпы заңдарына бағынады. Жаңа «салтдәстүрлік» ауысым алдыңғы салт-дәстүрлерде жаңа салт-дәстүрлердің пайда болуына арналған барлық алғы шарттардың қалыптасу жағдайында ғана мүмкін болмақ.

Осыған орай инновациялық білім беру қызметін жобалаудың негізгі әдіснамалық қағидасын құруға болады. Оның мәні мынада: ең алдымен білімді басқару жүйесіндегі инновациялық сала элементтерінің пайда болу жағдайы, мүмкіндіктері және жүйелік қайшылықтары зерттеледі. Келесі кезекте инновациялық катынас элементтерін талдау кезінде айқындалған тәжірибені пайдалану кезінде инновациялық білім беру жүйелерінің дамыту жолдары негізделеді.

Білім беру саласындағы инновацияларды жобалау логикасы аймақта объективті түрде пайда болған инновациялық элементтерден ғылыми білім беру кешені және эксперименттік алаңдардың бекітілген үлгісінде инновациялық саланы қалыптастыруды қарастырады. Оқыту технологиясы мұғалімдердің эмпирикалық инновацияларын ескере отырып, оқыту үрдісін дұрыс, ұтымды басқаруды қарастырады.

Байыппен, парасатпен шешілетін. ұлттық діліміз бен тілімізге, рухани тәуелсіздігімізге нұқсан келтіретін күрделі мәселелердің жауапкершілігін ескере, әрі мойнымызға ала отырып, ықпалдастық кеңістігіне қарай қадам басу қажеттігі айқын сезілуде. Өйткені, бұрынғы кеңестік білім жүйесі қалыптасқан мемлекеттерді өзінің қатарына қосуға ынта қойып отырған «Болон қозғалысы» ғалымдарының зерттеуіне қарағанда, бұрынғы білім бағдарламасы бойынша мамандық алған адамдардың 50 пайызы жұмыспен қамтамасыз етілмеген. Себебі, әсіресе, экономика мен құқық саласындағы кадрлардың деңгейі, біліктілігі, заңды меңгеру дәрежесі халықаралық стандартқа сай келмейді екен.

Бүгінгі сапалы білім берудің осындай өтпелі кезеңінің талабына сәйкес еліміз өзінің алдына жаңа міндеттер мен талаптар қойып, соны неғүрлым үйлесімді түрде шешуге ұмтылыс жасап отыр. Әрине, мұның барлығы ғылымның кейінгі жетістіктеріне сүйенген жаңа технологияны игеруде, аса білімді де зиялы мамандарды топтастыра білуге тікелей байланысты. Бұл орайда еліміз соңғы жылдары халықаралық талапқа жа- уап беретіндей бірнеше шешуші қадам жасады, тәжірибе жинақтады, әлемдік бітім кеңістігіне бейімделген оқу технологиясын меңгеруде қабілеттілігін танытты деп толық сеніммен айта аламыз. Осы бағыттағы жұмыстар жан-жақты зерттеліп, тұжырымдары тиянақталып, нақгы іске кірісуге бет алып отырмыз. Қазір қолда бар жетістіктермен қатар, тың ізденістер, нақты міңдеттер, жаңа бағыттар пысықталып, оны жүзеге асырудың жолдары белгіленді. Соның ішінде білім технологиясы жүйесін жетілдіру басты назарда ұсталып, оған ерекше көңіл бөлінуде. Өйткені, өркениет жолымен дамуда шешуші ықпал жасап отырған фактордың бірі осы сала. Заман талабына жауап беру арқылы Елбасы Жолдауында айтылғандай біз білім бәсекесіне түсуге мүмкіндік аламыз. Бағдарламалар барынша Батыс Еуропа, Азия және америкалық үлгіге деңгейлестіріледі. Оқытушылар мен студенттердің жауапкершілігі артады, олардың алдына жаңа міндеттер қойылады. Ойластырылған мақсаттар шүғыл және жаппай жүзеге асады деу асылық болар. Бірақ біз өз мүмкіңдігімізді барынша ықтиятты әрі іскерлікпен пайдаланып, түпкі межеге бірте-бірте сатылай жетуді көздеп отырмыз.

Жоғары білім беру жүйесінін дамуының әлемдік беталыстары білім беру жүйесінде жаңа ортаның – ақпараттық қоғамның пайда болуымен себептеледі. Мұндай беталы- старды Қазақстанның жоғары кәсіби мектептеріндс жүзеге асыру үшін жоғары оқу орыңдарына жаңа ақпараттық технологияларды, оқыту әдістері мен түрлерін, заманға сай білім беруді енгізу қажет. Жаңа оқыту технологияла- ры білім сапасын көтеруге ықпалын тигізіп қана қоймай, жоғары оқу орнына білім беру қызметіндегі бәсекеде өзінің мүмкіншілігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы және әлемнің 50 бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіру стратегиясында ең маңызды мәселе қазіргі жағдайда бәсекеге қабілетті ұлт болу үшін маңызды фактор білім деңгейін көтеру.

Білім беруді дамыту – қоғамның белсенді ықпалы арқылы жүзеге асырылатын кең ауқымды мемлекеттік бағдарлама. Ол қазақстандық білім беруді ең алдымен елдің қазіргі тыныс-тіршілігіндегі өзекті де сай келетін жаңа заманғы сапаға жеткізуі тиіс. Білім реформалармен тығыз байланыста өмірдің қазіргі ықпалдасып жүруі тиіс, сонымен бірге ол қажетті кадрлық ресурспен қамтамасыз ету көзі болып табылады.

Қазақстанның жаңа даму кезеңінде білім берудің ғылыми табиғи түрде үзіліссіз байланысуы уақыт өткен сайын елдің экономикалық өсуде тиімділік пен бәсекелестіктің артуына ықпал етуші қуатты күшке айналып келеді.

Демократиялық және нарықтық қайта жаңару жолыңда және кәсіптік білім беру әдістемесі адамдардың белгілі коммуникация мәдениетін, логикалық ойлау қабілетімен таныстығын, сындарлы рәсімдеу технологиясын, құрудағы көзқарасын білдіреді. Қазақстандағы білім дайындаудағы жаңа саясат шығармашылық, әлеуметтік қатынастар жағдайында өздігінен әрекет ете алатын, дайындай алатын жалпы адамгершілік құндылықтарды, көп ғасырлық салттарды есепке алу негізінде құрылады.

Кәсіптік білім берудің мағынасы мен құрылымын жаңарт у негізгі өндірістердің, қ ызмет көрсет у салаларының, ауыл шаруашылығының, құрылыстың және т.б. талаптарына сәйкес жүргізіледі. Кәсіптік білім беруді жаңартудың негізгі факторлары ретінде экономика мен әлеумет тік са ла, ғылым, техника. технология, мемлекеттік және аймақтық еңбек нарығын дамыту жолындағы сұраныстар және олардың дамуының перспективалық қажеттіліктері карастыры- лады. Еңбек нарығының түрлі біліктіліктегі кадрларға сұраныстарының ағымдағы және перспективалық тұрақты мониторинг жүйесі құрылуы керек, ол сонымен қатар халықарлық үрдістерді есепке ала отырып жасалуы тиіс. Осы сұраныстарға сәйкес оңтайлы кәсіптік білім беру жүйесін, соның ішінде оның көп деңгейлі шынайы құрылымын құру қажет. Сол сияқты білім берудің осы деңгейіндегі кәсіптік білім беру сапасын көтеріп, оны халықаралық стандартқа бағыттау, мағыналылығын айтарлықтай өзекті дәрежеге жеткізу, мамандықты интеграциялау, кәсіптік білім беруді ұйымдастыруды жергілікті еңбек нарығындағы сұраныстарға түпкілікті бұру міндеті тұр. Оларды қаржыландыруды арттыруды қарастыру, әсіресе қазіргі заманға сай оқу-әдістемелік және ақпараттық оқыту базасын құруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын кеңейтуге, осы деңгейде ақпараттық оқыту базасын құруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын кеңейтуге шығаруға қаржы бөлу.

Сонымен қатар алда кәсіптік білім беру бағдарламаларының барлық деңгейінде тиімді бай- ланыс орнатумен, бастапқы және орта кәсіптік білім берудің түрлі модельдерінің интеграциясын қолдануды тездету, кәсіптік білім беру ұйымдарының материалдық- техникалық базасын түбегейлі жақсарту мәселесі тұр.

Бұл бағытта мынадай іс-шаралар:
- білім беруді ақпарат тандыру мен оқыту әдістемелерін оңтайландыру, ашық түрде білім беру технологиясын қарқынды пайдалану;
- кәсіптік мектептерде интеграциялық және пәнаралық бағдарламаларды тереңдетіп оқыту, оларды жоғары технологиялармен біріктіру, кәсіптік білім берудің түрлі деңгейімен қамтамасыз ету;
- қызмет түрлерінің ауысуы мен мансаптық өсу кезінде халықты психологиялық қолдаумен қамтамасыз етуші қосымша кәсіптік білім берудің, ересектерді кәсіптік оқытудың тиімді жүйесін құру;
- бастапқы және орта кәсіптік білім беру ұйымдарындағы қызметтен босаған және жұмыссыз халықты қайта дайындықтан өткізу;
- кәсіптік білім беру проблемаларын шешуде, соның ішінде білім беру стандарттары мен мамандарды дайындауға сұраныстарды қалыптастыру жобаларын әзірлеудегі проблемаларды шешуге жұмыс берушілер мен өзге де әлеуметтік әріптестердің қатысуын қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Бұл бағыттар техникалық кәсіптік жоғары оқу орындарына дейінгі білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.

Білім алушылар бойында рефлексивті ойлауды, ең алдымен өзара шоғырлана байланысудан пай- да болатын адамның өзінің мінез-құлқын бақылау, өзіне-өзі сын көзбен қарау, өзін-өзі бір қалыпта ұстау, өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамыту процесінде кәсіпкерліктің басым нышандарын қалыптастыру мақсатындағы инновациялық оқу бағдарламаларын жасап, жүзеге асыру қажет. Онда білім алушылардың бойында тәртіп үлгісін жасау нарықтық жағдайдың шын мәніндегі және ықтимал мысалдары арқылы іске асады. Және де білім алушылар қандай да бір қызметті атқару барысында өзі үшін қиындық тудырған тұстарын көріп, мойындай отырып, білімі мен қабілетін жетілдіре түспек. Кәсіптік білім беру процесінде көбіне-көп білім мен қабілеттерді қосымша дамытатын дәстүрлі нысандағы дәрістер, семинарлар, тренингтерді пайдалану тиімді әрі білім сапасын арттырады. Оқушылар өзінің сын көзбен қарап ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жеке мүддесі мен бейімділігін ұғынады әрі оны замана шындығы тұрғысынан бағалайды. Яғни оқытудың өзі балама- ларын салыстыра қараудан тұрады да, қажеттіліктер өңделу барысында сыналмастан қабылданбайды. Педагог баламаларды көре білуге, әлемнің тұрақты әрі тұйық еместігін, оқушыны жан-жақты ойлауға үйретіп, өзіндік бастамаларын ұғынуға жәрдемдесуі керек. Мұғалімдер бұл мақсаттарда алған білімі мен тәлімін іс жүзінде қолдана алуына көмектесетін әдістерді таңдайды.

Оқу-танымдық қызметін шоғырландыру арқылы, ғылыми және әлеуметтік тапсырысты педагогикалық жағынан қамсыздандыруға қол жеткізуге болады. Бұл үрдіс әрбір оқушының қоғамдағы ой және практикалық қызметте қажетті білімді, тәлімді, дағдыны, тәсілдерді табысты меңгеруге жағдай жасайды. Кең мағынадағы шоғырлану сөзінің мағынасын қазіргі өндіріс пен оқытудағы қолда бар ғылыми-техникалық, әлеуметтік- экономикалық, психофизиологиялық және дидактикалық тұтастықтың негізінде біріккен бірнеше мамандық шоғырланған топтар мен кең профильді мамандықтар бойынша жұмысшылар дайындауға арналған кәсіптік білім берудің мазмұнын бірыңғай ортақ үлгіге келтіру деп ұғынған жөн. Бұрындары кәсіптік-техникалық училищелерде кадрлар дайындау 1195 мамандық бойынша жүргізілген болса, қазіргі кезде тізбедегі сан 298-ге дейін қысқарған. Мұндай диапазон бұрынғы мамандықтарды шоғырландыру, үлкейту және құрылымдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесі.

Қазақстанның білім беру ұйымдарында бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт бойынша кәсіптік мектептерде (лицейлерде) 22-23, ал колледждерде 27-32 оқу пәні оқытылады. Пәндерді бұлайша бөлу қандай да болмасын кәсіп пен мамандықты тұтас шоғырландыра оқыта алмайды, оқу материалдарының елеулі саны қайталанатын болса, кейбіреулерін тіптен үйретудің қажеті шамалы. Бұл мәселе терең ойланып- толғануды қажет етеді, әсіресе өндірісте оқытылатын сабақтар, кәсіби іс-тәжірибеге уақыттың көбірек қалуына ықпалын тигізуге тиісті пәндер бойынша оқу жоспарларын қайта қарау керек. Ондай іс жүзіндегі тәжірибелер өндірісі дамыған бірқатар елдерде бар, оларды оқытуға бөлінетін сағаттың кемінде 70 % (Германияда-75 %) практикаға арналады. Бұған пәнаралық байланыстар негізінде біріккен оқу жоспарларын әзірлеу, интегративті және екі бөлімнен тұратын бинарлы сабақтарды өткізу де ықпал етпек. Арнайы пәндерді тиісті кәсіптік білімі бар өндірісте үйрететін шеберлердің өткізіп тұруына аса көңіл бөлінсе нұр үстіне нұр. Пәндерді біріктіру оқушылардың қандай шеберлікпен машыққа үйренуі болашақ жұмысшының кәсіби біліктіліктің қай компоненттерін игеруі тиіс екендігін тани білуіне жағдай жасайды. Осы тұстағы негізгі идея – серпінді даму үстіндегі өндіріске бейімделуге қабілетті, еңбектің бір түрінен екіншісіне жеңіл ауысып істеп кете алатын, кәсіптерді кеңінен меңгерген жұмысшылардың жаңа буынын даярлау.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Сагинов К.А. Маркетинг сферы образовательных услуг. -М.: Информационно-издательская фирма «Триада», 1998, -31 б.

2. Фрезоргер Л.А. Функционирование системы высшего образования в условиях рынка: теория, методология, механизмы / Экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация., - ҚР БҒМ экономика Институты. - Алматы., 2004.

3. Ахметова Г.К. Современное образование Казахстана в по- исках идеала. -Алматы: Казак университетi, 2004, 17 б.

4. Мамыров Н.К., Саханова А.Н., Ахметова Ш.С., Брузати Л., Государство и бизнес. Отношения между правительством и бизнесом., Кітап 2: Оқулық.-Алматы: «Экономика», 2002 ж., -116, 125, 150 б.

5. Болон декларациясы «О Европейском регионе высшего образования» Болонья қ. Италия. 1999 ж. [Электрон.ресурс] Режим доступа: http://iic.dgtu.donetsk.ua/ russian/ovs/bologna.html

 

 

 
 

Тема номера







 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no