электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2017 г.

 

Қазақстан республикасындағы орта білім беру жағдайында қазақ тілін оқытудағы жаңа әдістеме

№ 7 (168) сентябрь 2017г.

АБЗАЛБЕК Л.С., Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ Қарағанды обл. Қарағанды қ.


Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» делінген. Сол білім беруді дамыту ісі жеке тұлғаға мәдени-тарихи құндылықтарды, нормалар мен дәстүрлерді, білім берудің арнайы таңдап алынған мазмұны мен нысандарын беру болып табылады [1].

Өткенімізге зер сала қарасақ, білім беру жүйесінде осыған дейін оқушыға білім, білік, дағдыны қалыптастыруды талап етсек, бүгінгі күннің мақсаты – іскерлік қарым- қатынас, оларды өз бетімен білім алуға бағыттау. Сондықтан да қазіргі замандағы педагогикалық ғылымның ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа білім технологияларын қалыптастыру ұмтылу болып табылады. Осы орайда еліміздің білім беру жүйесі реформаланып, жаңартылған оқыту бағдарламасы дайындалып, бұл реформаның басы тілдік пәндерден басталуда. Себебі, тіл – негізгі білім құралы. Оқушылардың тілдік қарым-қатынасы өздері өмір сүріп отырған және білім алатын орта арқылы жүзеге асады.

Десек те, соңғы жылдары білім беру саласында болып жатқан толассыз өзгерістер толқынын мұғалімдер қауымы қаншама рет бастан өткергендіктен, бұл жаңашылдықтардан олардың кей жағдайда мезі болғандықтарын жасыра алмаймыз. Алайда бүгінгі жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша тілді оқыту педагогтар қауымының жұмысын бірізділікке салып, бір жүйемен жұмыс істеуге шақырады.

Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша тілді оқытудың артықшылығы неде?

Біріншіден, анық, қолжетімді оқу мақсатының болуы. Мұғалімдер қауымы тікелей тәжірибе алаңының өкілдері болғандықтан, олар оқу үдерісімен күнде бетпе-бет келеді. Күнделікті сабақ жоспарларын дайындауда тіл үйретудегі оқу мақсатын оқытудың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік компонентіне негіздей отырып, әр мұғалім өз еріктерімен таңдайды. Бұл мақсаттар бір академиялық сағатта (45 минут) қолжетімсіз, жүгі ауыр мақсаттар болып жатады. Ал жаңартылған оқу бағдарламасында көрсетілген пәндік оқу мақсаты мен күнделікті сабаққа қойылатын мақсаттар бір мазмұнда, жүйеленген, дайын мақсаттар. Әрі барлық мақсаттар сөйлеу әрекетінің 4 дағдысын, яғни тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған.

Әр тілдік дағдыларды дамытуға бағытталған міндеттер нақты айқындалып, олардың әрқайсысы «Т/А1», «О2», «Ж3» деген сияқты сілтемелермен көрсетіледі (1-сурет).

Мақсаттың қолжетімділігі дегеніміз – мақсат мазмұнының ықшам, нақты болуы; бір тақырыпқа берілген оқу мақсатының бір тоқсанда, тіпті оқушы мектеп қабырғасын аяқтағанға дейін бірнеше рет қайталанып келуі. Бұл оқушының бір сабақта жете алмаған оқу мақсатына келесі сабақтарда қол жеткізуіне мүмкіндік береді, әрі оқушының оқуға деген оң мотивациясына ықпал етеді, өз-өзіне деген сенімін нығайтады (2-сурет).

Екіншіден, оқу бағдарламасының құрылымы, ондағы оқу мақсат тары мен ұсынылатын материал тақырыптарының спиральділік қағидатына негізделгендігі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960 ж.) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оның пікірінше ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымданып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады [2].

Әр сыныптағы оқу мақсатының алға ілгерілеуінде оқушылар негізгі дағдыларға қайта-қайта оралып, тек әр сыныптағы талап етілетін шеберлік деңгейі ғана өсіп отырады. Оқу мақсаттары әр жыл сайын бір-бірінен алшақтамай, бірін-бірі толықтырып, ақпараттың ауқымы барған сайын кеңейеді. Осының негізінде оқушылар өз дағдыларын қайта-қайта қолданып, оны жетілдірген сайын өздерінің алға ілгерілегенін көріп, тәуелсіз еркін сезіне бастайды. Ал ұсынылатын материал тақырыптары да дәл осындай жүйеде дамытылып отырады (3-сурет).

Үшіншіден, пәнаралық байланысқа негізделген толассыз тақырыптар (сквозные темы) бір тақырып көлеміндегі түсінікті қандай да бір пәнде қалыптастыруды қарастырады. Мысалы, «су» тақырыбын оқушылар бір уақытта барлық пәндер бойынша игереді. Бұл материалды түрлі білім салалары тұрғысынан түсінуге әкеледі, әрі оқушылардың қабылдау деңгейі де ескеріледі. Оқушының ғылыми тілді түсінуі қиындық тудырған болса, материалды көркем әдеби тілде түсінуіне мүмкіндігі бар. Сондай-ақ оқушыға берілетін үй тапсырмасының жүктемесі жеңілдейді.

Төртіншіден, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесінің енгізілуі. Критериалды бағалау оқушылардың жоспарланған оқу мақсаттары мен шынайы нәтижелерінің арасындағы сәйкестік деңгейлерін анықтап, оқушының жеке оқуын түзеуге, күш-жігерін қай бағытқа жұмсауды болжамдауға мүмкіндік береді.

Оқу жылы бойында оқушылардың оқудағы прогресі және үлгерімі туралы деректерді жинау үшін бағалаудың 2 түрі жүргізіледі: 1) формативті бағалау; 2) жиынтық бағалау. Формативті бағалау «оқушы оқу мақсатына жетті» немесе «талпынды» деген нақты 2 критерийді қамтиды. Яғни оқушының күнделікті сабақтағы іс-әрекеті осы екі критерий негізінде бағаланады. Мысалы, «оқылым-8» сілтемесіндегі «мәтіннің негізгі идеясы, кейіпкерлердің сөйлеу мәнері мен іс-әреке тін анықтай ды, ана лиз жасайды » деген оқу мақсатына «Критериалды бағалау нұсқаулығында» мынадай жетістік критерийлері алдын-ала ұсынылған.

Оқушы оқу мақсатына жетті, себебі:
- мәтіннің негізгі идеясын анықтайды және толықтай түсіне алатынын дәлелдер арқылы көрсете алады;
- кейіпкерлердің сөздеріне, мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне талдау жасай алады.

Оқушы оқу мақсатына талпынды, себебі:
- мәтіннің негізгі идеясын анықтайды және түсіне алатынын көрсете алады;
- кейіпкерлердің сөздеріне, мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне талдау жасауда қиналады [3].

Жоғарыда айтылған артықшылықтарды іс-жүзінде жүзеге асырып, оқу үдерісін жүйелі ұйымдастыру үшін қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне бір жүйемен дайындалған төмендегідей әдістемелік құжаттар ұсынылады:

1. Оқу бағдарламасы. Мұнда пән бойынша оқу мақсаттары мен құндылықтар белгіленген және мұғалімге қажетті педагогикалық тәсілдер қысқаша сипатталған.

2. Пән бойынша әр сыныпқа арналған оқу жоспары. Мұнда әр сыныпта қамтылатын тақырыптарға оқу мақсаттары алдын-ала ұсынылған және соған негізделген іс-әрекеттер мен ресурстар, дереккөздер берілген.

3. Критериалды бағалау нұсқаулығы. Мұнда оқу мақсаттарына сәйкес оқушының сабақ уақытындағы же тістік терін баға лау ға қат ыст ы к ри терий лер айқындалған.

Әр құжаттың өзіндік мазмұны және функциясы болғанымен, оқу мақсаттарын аталған осы 3 құжаттан да табуға болады, әрі осы арқылы олар өзара тығыз байлынысты. Мұғалім қазақ тілі сабақтарын жоспарлау кезінде бұл 3 құжаттың үшеуін де басшылыққа алып, пайдалануы керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Букенов Ж.К., Куанышов С.С. Инновации в образовании в условиях современных педагогических технологий. – Қарағанды: «Карагандинская Полиграфия», 2001.

2. Мұғалімге арналған бағдарлама, І басылым. «НЗМ» ДББҰ, 2015 ж. 3. Критериалды бағалау нұсқаулығы, І басылым. «НЗМ» ДББҰ, 2015 ж.

 

 
 

Тема номера







 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no