электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


Инклюзивное образование

     

 

Архив статей 2016 г.

 

Егер отбасында «ерекше бала» болса...

№ 1 (152) январь 2016

СӘБИТОВА А.Х., Алматы қаласының Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін маман

 

Әлеуметтік салада жұмыс істейтін маманның жұмысы өте маңызды әрі қызықты болып табылатынын өз тәжірибеме негізделе отыра айта аламын. Балалар әртүрлі қызметтерді алу барысында педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық қолдауға ие болып, қимыл дағдысының дамуына мүмкіндік туады. Сонымен қатар балалардың бұлшық ет тонустары теңеліп, гиперкинезі төмендеп, дене және психологиялық жағдайы жақсарады.

«Кинезитерапия» атауы латын тілінен аударғанда «кинезис» – «қозғалыс», «қозғалыспен емдеу» деген мағынаны білдіреді. Массаждың көмегімен бұлшық ет тонусын қалпына келтіру бірінші кезектегі міндет болып табылады. Екіншіден қозғалысты қалпына келтіруге арналған техниканы дұрыс пайдалану анықталып, қателіктер түзетіледі. Үшінші кезеңде бала берілген тапсырманы саналы түрде орын- дап, бір бағытта қимылдап, дұрыс әрі нақты қимылдауға көңіл бөлінеді. Балаларға әр түрлі қимыл-қозғалыстармен жұмыс жүргізілуі керек екендігі туралы ата-аналарға айтылып, әр сабақтың нәтижесін қорытындылау қажеттілігі қарастырылады. Жалпы қарастыратын мәселелердің қатарына баланың әлеуметтік қабылдауы, психикалық үдерістер деңгейінің төмендігі (назар аударуы, пәндік және әлеуметтік қабылдауы, есте сақтау қабілеті, ойлауы т.б.): мотивациялық қажеттіліктерінің және эмоционалды қайраттылығының қалыптаспауы; дамудың жетіспеуі, психикалық үдерістің төмендігі, мінез-құлқы жатады. Осы ерекшеліктердің барлығы баланың өсу кезеңіндегі психикалық дамудың тоқтауына және жеке тұлға ретінде «Мен» концепциясының қалыптаспауына әкеледі.

Әлеумет тік-педагогика лық қызмет тің кейбір ерекшеліктері туралы айтатын болсақ, мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық және денесінің дамуы тұрғысынан баяу қалыптасуын атап өту керек. Бұндай балалардың дамуы жылдам болмайды, бала білім алуда жан-жақты және жүйелі түрде педагогтің көмегіне жүгінеді. Кешенді түрде дамуы бұзылған балалардың дамуына білім алудағы талаптар ғана емес, ата-ана тәрбиесінің ерекшеліктері де маңызды. Ата- ананың тәрбиесі баланың мотивациялық және жеке тұлға ретінде қалыптасуына, белгілі бір мақсаттарға жетуіне ықпал етеді. Сонымен қатар білім алу үдерісінің сапалылығы мамандарға (дефектолог, логопед, психолог, ЕДШ нұсқаушысы, әлеуметтік қызметкерлер) және т.б. байланысты.

Қызмет ететін балаларды мысал ретінде алатын болсақ, Супиева Зарина (аңғарымдары: талма, микроцефалия) туралы баяндасам деп едім. Бала қарым- қатынасқа тез түседі, асырап алушылардан өзін оңай жібереді, бірақ сөйлеуге келгенде белсенділік танытпайды. Пирамида тәрізді ойыншықтарды әлеуметтік қызметкердің көмегімен жинайды. Түстерді ажырата алмайды, нұсқауды түсінбейді, пішіндерді қайтадан жасап көреді және қатемен жинайды. Ұқсас суреттерді ажырату үшін бағыттап отыратын көмек қажет. Ұсақ қол моторикасы дамымаған. Ұзақ мерзімді және үнемі жасалған жұмыстың арқасында Заринаның сөздік қоры молайып, біраз нәрсе өзгерді.Бала сөйлесуге талпынып, бірнеше минут ішінде белгілі бір жұмыс түрлері мен тапсырмалардың арқасында қабылдау қабілеті жоғарылап, тынышталған, түстер, пішіндер мен суреттерді айыра алады. Суреттер мен пәндердің атын атай алады, «Ол кім? Бұл не?»деген сұрақтарға жауап бере алады. Баланың есте сақтау қабілеті артты, Зарина ерекше ықыласпен сабаққа қатысуға тырысады және өздігінен сұранады. Қолдары жұмыс жасай бастады, қалам мен желімді бұрынғыша бес саусақпен емес, үш саусақпен ұстайды. Жақсы нәтижелерге (өмірге ерекше көзбен қарап, сахналық қойылымдарды ерекше ықыласпен тамашалайды) қол жеткізуде.

Біз қалай ойнаймыз? Біз баланың дене және психикалық дамуын ойын арқылы ынталандырамыз. Баланың ойын ойнауы үш кезеңнен тұрады – ойын (сумен, құммен, ұнмен, табиғи заттармен ойнау), жобалық ойын (әр түрлі сюжетке арнап құрастырылған ойындар), ойынның басты кейіпкері өзі болып ойнайтын рөлдік ойындар. Ойын диагностика жүргізуге де тиімді. Баланың қай деңгейдегі ойынды ойнап жатқанына қарап, оның даму деңгейінің қай жерде бұзылуын аңғаруға болады. Бала немен ойнағысы келетінін өзі таңдайды. Бұл өте дұрыс және маңызды, қауіпсіз және ойын барысында балаға не қажетті екенін білуге болады. Рөлдік ойын барысында бала қашан да кейіпкер болып табылады. Ойын барысында әр түрлі мәселелерді шешу арқылы өзінің күшті адам екендігі жөнінде пікір қалыптасады. Рөлдер бойынша ойындарды сабақтарда ойнатамыз. Бұл ойындар әртүрлі қозғалысты, ірі моторика мен дене қозғалыстарының дамуына үлкен жағдай жасайды. Сабақты өту барысында біз үшін пікір алмасу өте маңызды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға тілдесу жетіспегендіктен және де оларда сөйлеу дағдысы дамымағандықтан біздің жұмысымыздың басты мақсаты – баланы көбірек сөйлету, себебі оларда сөйлеу топтары қалыптаспаған. Ойын барысында балалар келісімге келуді, өзара дауды шешуді, ұнаған нәрселері туралы пікір алмасуды үйренеді. Болашақта досы боп қалуы мүмкін басқа да адамдардың сезімі мен толғаныстары барын түсінеді.

Ата-аналармен жұмыс. Біздің жұмысымыз барысында жақсы нәтижеге қол жеткізу бала мен оның ата- анасына байланысты. Отбасында ауру баланың болуы – ең ауыр жағдай. Баласының ауру болып туғандығы және баласының денсаулығын орнына келтіре алмағандығы үшін ана үнемі өзін кінәлі сезінеді. Кейде ауру баланың дүниеге келуі нәтижесінде отағасының үйден кетіп қалуынан ана жүрегінің ауруы екі еселенеді. Баласының аурудан айығып кетуі үшін бар жағдайды жасағысы келсе де көбінесе ата-аналар көптеген қиындықтарға ұшырайды. Біз өзіміздің тарапымыздан баланың мінезқұлқына қатысты психологиялық қолдау мен кеңестерді беріп отырамыз.Ата-аналарға баламен жиі ойнау керек екендігі туралы кеңес береміз. Ана мен бала арасындағы байланыстың қалыптасуы керектігі жөнінде айтамыз. Ата-аналар уақыт өте баласының нені қалайтыны және неге көмек қажет екенін аңғарады.

Өзімнің қарамағымдағы адамдарға арт-терапия арқылы емделуді ұсынамын. Арт-терапия дегеніміз– өнермен емдеу. Бұл атаудың өзі ондаған жылдар бұрын қалыптасқан және өте маңызды әдістің бірі болып табылады. Сурет салу, би билеу, ән тыңдау, ертегілер мен өлеңдерді құрастыру, құммен жұмыс жасау, ойыншықтар құрастыру сияқты өнердің түрлерімен байланысты. Сабақ барысында психологиялық үдерістің көңілді өтуінің өзі ем болып саналады. Сурет салу, құммен ойын ойнау сынды әдістер арқылы бала өзінің айта алмай немесе көрсете алмай жүрген сезімдері және сыртқы ортамен байланыста болуына мүмкіндік туады әрі жеке тұлға, эмоционалды және зерде ретінде дамуында өзгерістер болады. Талма аңғарымы анықталған Супиева Зарина пікір алмасу үшін қиындықтарға ұшырайтын. Арт-терапия сабақтарының арқасында коллаж жасап, құрдастарымен сөйлесуге мүмкіндік туындады. Баламен жұмыс жасау барысында жылулық пен қамқорлық шектеулі болмау керек. Баланы табиғатынан қалай жаратылса солай сүйіп қабылдау керек.

Ұсынылған жұмыс мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасымен жұмыс жасаушы әлеуметтік қызметкердің ерекшеліктерін меңгеруге бағытталған. Қазіргі таңда дене және психикалық дамуында әр түрлі бұзылыстары бар балалар саны артуда. Әлеуметтік қызметкердің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасына мүгедек баланы тәрбиелеудегі қиын тапсырманы орындауға көмектесу. Басқаша айтқанда әлеуметтік қызметкердің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі бала туылған отбасын қалпына келтіруге және қоғамдық өмірге қалыптастыру.

 

 

 


Инклюзивное образование






 


 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях

 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no
 
 
 

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел.8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10