электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


Краеведение

 

   

Архив статей 2019г.

 

Ауылымның елеулі жетістіктері

№ 6 (187) август 2019г.

С. КАРБОЗОВА, Қостанай облысы, Қарасу ауданы «Ключевой орта мектебі» ММ бастауыш сынып мұғалімі

 

Туған ауылымның ерекше әсем көрінісі ауылыма деген мақтаныш сезімін бөлейді. Қыр бойында орналасқан мөлдір бұлақты тоғайы, жазық қызғалдақты даласы, төрт-түлік малға төсін ашқан құтты жайлау қырлары бар, көк жасыл желекке бөленген ауыл – Новопавлов елді мекені. Новопавлов ерекше алыстан көз тартатын ерекше құтты мекен.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасөспірімдердің туған жеріне зер салып, мәдени жерлерін өз көздерімен көріп тамашалауына мол мүмкіндік туды. Ключевой орта мектебінің тәрбие жұмысының орынбасарының ұйымдастыруымен 2-5 сынып оқушыларына «Өз жеріңді танып біл» атты бастамасы негізінде экскурсия өткізілді. Экскурсияның мақсаты: оқушылардың өз туған жерінің қадірін білуге, туған жерді сүюге, болашақта ауылдың көркеюіне үлесін қосатын еңбекқор, ауылды сақтап қалатын тұлға ретінде қалыптастыруға баулу. Оқушылар ауылдың қасиетті нысандар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштерге экскурсия жасады. Оқушылар Ключевой ЖШС, «Арлан» спорт клубына, «Талап» дүкеніне, мәдениет үйіне саяхат жасады. Танымдық саяхат мұнымен аяқталмақ емес. Мектеп оқушыларының демалыс күндерін тиімді пайдаланатын шара одан әрі жалғасын табатын болады.

Ауылымыз жыл сайын әр бағыт сайын даму үстінде. Ауылдың өсіп өркендеуіне, кең құлаш жаюына үлкен қамқорлығын көрсетіп, ерекше зер салып отырған «Ключевой» ЖШС-нің директоры Омаров Қозыбай Тастемірұлы. Елағасы ауылдың түрлі іс-шараларының ұйымдастырылуына демеушілік жасап, ауыл мәдениетінің, тұрмыс тіршілігінің өсуі мен жаһандануына, болашақ жеткіншектердің дамуына, зор үлесін қосушы ерекше тұлға. Осы елде тұрып жатқан барша халық ауылымызбен мақтанамыз. Әр ұлт өкілдері өздерінің салт-дәстүрімен, мәдениетімен аралас-құралас болып тату-тәтті өмір сүруде. Ауылдың гүлденуіне, дамуына әр тұрғын өз үлесін қосуға әрдайым дайын. Себебі, ауыл гүлденсе бұл қазақ халқының байығанымен тең. Ауылдың түтіні, самал желі, айраны мен құрты, таза ауасы – баға жетпес асыл қазынамыз. Осындай ауылда балғын балалық шақтары өтіп, білімді, тәрбиелі, мәдениеті жоғары шәкірттер мектебімізден түлеп ұшуда.

Осы шәкірттеріміз келешекте туған ауылына келіп, туған елінің дамуына үлесін қосады деп сенеміз. Ауыл тынысы, ауыл тіршілігі, таза ауасы, кеңпейілділігі, қонақжайлылығы, қарапайымдылығы, жомарттығы, бауырмалдығы – бұл адамзаттың ең керемет бай құндылығы болып сақталып қала берсе, нұр үстіне нұр болары анық. Жасай бер, жайнай бер, қоржының жетістіктерге тола берсін қасиетті, Ключевой ауылы!

 

 

Краеведение




 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no