электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Теория и практика

 

   

Архив статей 2018 г.

 

Оқушылардың жазылым мен оқылым дағдыларын дамыту тәсілі ретінде мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін оқылым мен жазылым

№ 3 (174) март 2018г.

ЖҰРЫНТАЕВА С.Б., Педагогикалық шеберлік орталығының Көкшетау қаласындағы филиалының маманы


Бүгінгі таңда тілдік пәндерді оқыту Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартына сәйкес, оқушылардың бойында коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту, алған білімдерін шынайы өмірде қолдана білуқабілеттерін қалыптастыру ды болжайды. Оқылым дағдысына келсек, балаларымыз әріп танығанымен зейін қойып оқуға, оқығанын өздігінен түсініп, сыныптасына түсіндіріп беруге сөздік қоры жетпейді. Яғни, оқылым дұрыс болмағаннан кейін, жазылым да тиісті дәрежеде іске аспайды. Оқушылар өз ойларын еркін жүйелеп жазып беруге қиналады. Оқылым дағдысы бойынша қазақстандық оқушылар PISA 2009 және 2012 (2009 жылы 59 орын, 2012 жылы 62 орын 65 қатысқан елдер арасында) өткізілген зерттеулердің нәтижесін ЭЫДҰ елдерінің көрсеткіштерімен салыстырғанда, Қазақстан 103 баллға төмен көрсетті. Мұның бәрі тілдік дағдылардың жете қалыптаспағанын білдіреді. Жаңартылған бағдарлама, әсіресе оқылым мен жазылымда оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуіне, тілдік дағдыларының дамуына, кез келген оқушының қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Сабақ жоспарлауда оқушылардың фукционалдық сауаттылығын арттыруға, жоғары ойлау дағдыларын дамытуға тиімді тәсілдерді таңдауға көп назар аударылады. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің көпшілігі өз оқушыларына үйрететін білім мен дағды тек күнделікті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Жазылым оқытудың басты мақсаты ретінде қарастырылмайды. Ол – оқылым мен ауызекі тілдік дағдылар мен икемдерді дамытуға, сонымен қатар қажетті тілдік материалды меңгеруге көмектесетін оқыту құралы. Себебі аталған дағдылар тіл үйренуде маңызды әрекеттердің бірі болып есептеледі. Тіл үйренуде оқылым мен жазылымсыз ешқандай тілді меңгере алу мүмкін емес. Онда міндетті түрде аталған әрекеттері болатыны белгілі. Ондай болмаған жағдайда әрбір адамның тіл үйренемін деген әрекеті сәтсіз болады деген сөз. Оқыту үдерісінде жаңа тақырыпты тез түсініп, соны қолдануда ешбір қате жібермей, ойын дәл әрі нақты көрсетіп, сол алған білімін сөйлесім әрекетінің барлық түрінде нақты жеткізе алатын оқушылар болады. Ал кейбір балалар грамматикалық материалды баяу қабылдап, айтылым, оқылым әрекеттерінде ойын дәл әрі нақты жеткізе алмауы да мүмкін. Ал жазылым әрекеті сол қателіктердің орнын толтыратын, тіл үйренушінің өз ойын, айтайын деген хабарды, қандай да жағдайға негізделген шығарманы асықпай ойланып, ой елегінен өткізіп отырып орындайтын дағдының бірі. Жазылым жұмысының сәтті шығуы ең алдымен сөздік қордың мол болуына тікелей байланысты. Сөздік қор оқылым арқылы келеді. Бүгінгі таңда, өкінішке орай, оқушылар өздігінен ізденіп, кітап оқуға көп көңіл аудармайды. Көбінесе оқылым сабақ барысында оқыту мақсатына жету үшін немесе үй тапсырмасын орындау мақсатында қажетті ақпаратты оқуымен шектеледі. Аталған мәселелерді шешу үшін, ең бастысы оқушыларды сыни ойлауға, ізденіспен оқуға, өз ойларын дәлелдеп толық жеткізуге, алған білімдерін практика жүзінде пайдалана білуге дағдыландыру. Бастауыш сыныпта оқылым мен жазылым дағдыларын дамытуда тиімді тәсілдерінің бірі – мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін оқылым мен жазылым. Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым мен жазылымның мүмкіндіктері:

- оқушылар сөздің мәні мен мағынасын түсінеді;
- алғашқы алған білімдерімен байланыстырады;
- жаңа ұғымдар мен түсініктерді сын тұрғысынан талдауға дағдыланады;
- оқушылардың қажеттіліктері қамтамасыздандырылады;
- жеке оқиды және бағаланады;
- ауызша, жазбаша тиімді қарым-қатынас жасайды;
- баланың тілдік дағдылары дамиды;
- оқушылардың топтағы белсенділігі мұғалімнің назарында болады;
- оқушы бақылаусыз, өзімен-өзі қалмайды.

Мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін оқылым сабақ барысында немесе сабақтан тыс уақытта ұйымдастыруға болады. Оқыту барысында сыныптағы оқушылардың оқылым әрекеттері терең зерттеледі. Ол дегеніміз, оқушының бойында оқылым бойынша қандай қиындықтар бар екені анықталады. Содан соң соның негізінде мақсат қойылады. Қойылған мақсатқа жету үшін оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен шағын топта жұмыс жасайды. Мысалы, оқу жылдамдығы төмен оқушыларды немесе оқу жылдамдығы жоғары болғанымен оқығанын түсінбейтін оқушыларды топтастыруға болады. Сол сәт те қа лған сынып оқушылары жеке, жұппен немесе топпен өздігінен оқи отырып, тіпті оқығаны бойынша жазбаша тапсырмаларды орындайды. Сөйтіп барлық оқушылар оқылыммен айналысады.

Мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін оқылым ұйымдастыру барысында, мұғалімнің рөлі нақты болады. Ең бастысы, мұғалім бақылай отырып, оқушылардың түсініп оқуын қамтамасыз ету, жаңа білімді игеруге немесе керек жерінде қолдау көрсету арқылы ойлау үдерісін жетілдіреді. Мәтінді таңдау кезінде, мұғалім мәтіннің күрделілік деңгейі әр бала еңсере алатындай дәрежеде болғанын ескереді. Оқылым сабақтарында, яғни оқу мақсатын оқылымнан алған кезде әрбір оқушыда оқылатын мәтін дайындайды. Мұғалім мәтінді оқу барысында, мағынасын түсінуіне, шамасы жеткенше зерттеу жұмыстарын жүргізуіне жетекшілік етіп отырады. Оқу барысында мәтін мағынасын ашатын сұрақтар алдын ала жоспарланып қойылады. Оны былай жоспарлауа болады.

Мұғалім жетекшілігімен жүретін жазылымды өткізу барысында мұғалім оқушылардың белгілі бір жазылым дағдыларын үйретуге мақсат қояды. Ал мақсат оқушылар орындаған жазбаша жұмыс түрлеріне талдау жасау негізінде тұжырымдалады. Бұл жұмыс түрін сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады (мұғалімнің жоспарлауына байланысты). Ол өз бетінше жазуға көмектесетін құрылымдалған жазылым түрлері болуы мүмкін. Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылым барысында оқушыларға жазылым үдерісінің түрлі сатыларында қолдау көрсетіледі.

Бірінші, өзбетінше жазудың алдында:
- идея тудыру үшін;
- мәтіннің бастапқы нұсқасын жоспарлау, оны
- қағазға түсіруді модельдеу үшін;
- жаңа сөздерді назардан тыс қалдырмау мақсатында тыныс белгілері қойылған сөйлем құрылымдарын жазу үшін;

Екінші, жазбаша жұмыс жазылып жатқан кезде:
- тіркестерді таңдауға;
- сөздер мен сөйлемдерін мейлінше дұрыс байланыс тыруға (сөздерді шағы, жағы және райы бойынша байланыстыру және т.б.);
- құрмалас сөйлемдерді қолдануға;

Үшінші, жазбаша жұмыстан кейін:
- оқушылардың жұмыстарын бағалау критерийлеріне
- қол жеткізілуі тұрғысынан тексеру;
- оқып отырған адамға оның ықпалын бейнелеу; жазылымның келесі қадамы қандай болу керектігін талқылау және қажет болса тапсырманың күрделілігін арттыруүшін қолдаукөрсету.

Мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін жазылымды алдын ала жоспарлаған сәтте нәтиже көруге болады. Ол үшін оқыту барысында сынып оқушыларын үнемі бақылап отырып, грамматика жағынан туындаған қиындықтарды анықтап, сол мәселені шешу мақсатында жұмыс жүргізу. Оқушыларды қажеттілігі бойынша топтастыра отырып, мұғалім осы тәсіл негізінде күнделікті сабақта іске асыруға тырысады. Мұғалім бір немесе бірнеше аптаны қамтитын тізбектелген сабақтар топтамасын оқытукезінде «мұғалімнің жетекшілігімен жүретін әңгіме» арқылы оқушылардың айтылым мен тыңдалым дағдыларын дамыта алады. Айталық, оқушыны түрліжағдайларда сенімді сөйлеуге, өзін зейін қоя тыңдауға, тілдік қабілеттерін іс жүзінде қолданылады.

Мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін оқылым мен жазылымсабақтың оқыту мақсатына жетуге, оқушылардың білім деңгейінің өзгеруіне тиімді құралы деп айтуға болады. Бұл жұмыс түрі коммуникативтік дағдыларды жоғары деңгейде дамытуға мүмкіндік береді. Аталған дағдыларды бастауыштан бастап тиісті дәрежеде дамыту қажет. Сонда ғана, оқушылардың тілдік қорлары байып, қарым-қатынасқа еркін түседі, сонымен қоса қарым-қатынастары жетіледі, ішкі ой-санасы бай болады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу әдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016 – 4б.

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012

3. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогика лық шеберлік орталығы, 2015. – 40 б.

 

 
 

Теория и практика





 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no