электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Теория и практика

 

   

Архив статей 2018 г.

 

Жаңартылған білім мазмұны аясындағы дарынды, талантты оқушылардың қабілеттілігін ашу

№ 5 (176) май 2018г.

МАНЕКЕЕВА Г.Б., Алматы қ. № 175 Гимназия директоры,
АЛТАЕВА Ә.М., № 175 Гимназия химия пәні мұғалімі


Тоқталып кететін болсақ , Алматы қаласының ХББ және ФМБ НЗМ тәжірибе алмасу мақсатында кәсіби желілік қарым қатынас орнатып, бірігіп бірнеше семинар мен дөңгелек үстел дер, конференциялар, кездесулер өткізіп, әр кездесулер соңында кері байланыс жасалынып, нәтижелі жұмыстар жүргізді. Гимназия ұжымы критериалды бағалаудың, кері байланыстың тиімділігінің жемісін көруде.


Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары және «5 институционалдық реформа» бағдарламалық құжаттарында, «Мәңгілік Ел» идеясында білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту бойынша міндеттерді келтіруге, халықаралық стандарттарға сәйкес, нақты міндеттерді қойды. Бүгінгі әлемнің тез өзгеретіні соншалық, заманауи білім беру өзгерістерді соңынан емес, керісінше, алдын ала болжауы тиіс. Осыған байланысты отандық білім беру жүйесі қайта құруды, халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді және заман талабына лайықты азаматтарды даярлауды қажет етеді.

Бүгінгі таңда біздің «Жаңа Ғасыр» гимназиямыз білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін білім ордаларының бірі, ал гимназия ұжымы жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушылардың қабілеттерін арттыруға оң әсер ететініне, оқыту тиімділігін арттыруда, дарынды балалармен жұмысқа ерекше көңіл бөлу керектігіне, дарынды-талантты балаларды оқытудың озық әдістемесін зерделеп, мектеп тәжірибесін жақсартуда тиімді қолдануға, бірнеше эксперимент түрінде жұмыстар атқарды.

Ел басшысы шахмат сабақтарын енгізуді және шахмат қозғалысын дамытуды іске асыру бойынша тапсырманы орындау мақсатында, Академик Шахмардан Есенов атындағы халықаралық ғылым-білім беру қорының қолдауымен гимназия- мызда «Мектептегі шахмат» атты пилоттық жоба іске асуда. Бұл пилоттық жобаға Алматы қаласы бойынша 4 (№ 172, 175, 33 және 97 мектептер) мектептің 2 сынып оқушылары қатысты. Аталмыш қор гимназиямыздың шахмат кабинетін керек құрал-жабдықтарымен толық қамтамасыз етті. Осы пилоттық жоба аясында мектеп психологы А.С. Қанатқызымен «Равеннің прогрессивтік матрицасы» және «ОКДАТ» әдістемелері арқылы оқушылардың интелектік даму деңгейін бағалау жұмысын жүргізіп, оқушылардың ақыл-ой даму деңгейін, танымдық процесстерін, олардың тез ойланып, тапсырманы нақты, әрі жеке дара орындай алу қабілетінің дамығандығын көрсетті. «Мектептегі шахмат» пилоттық жоба жұмысының нәтижесін 2018 ж. 18 мамыр айында өткізілетін қалалық деңгейінде турнир көрсетеді деп сенеміз. Басқа да оқушылардың шахматқа деген қызығушылығы күннен күнге артуда.

Келесі гимназиямыздың маңызды жұмыстарымыздың бірі «Робототехника»-ға ерекше тоқтағым келіп тұр. Алматы қаласының білім басқармасы мен ГЦНТО-ң шешімімен біздің мектебімізге «Робототехника» кабинетінің толық комплектісі, яғни ноутбуктар, роботтар, 3Д-принтер материалдарымен және т.б. келді, гимназиямыздың «Робототехника» командасы түрлі жарыстарға қатысып жеңіспен оралды.

Өздеріңіз байқағандай жаңартылған білім мазмұны оқушыларымыздың жанжақты дамуына ықпал етеді. Ия, ана тілімізді, дәстүрімізді қадірлеп, ұмытпағанымыз да жөн, дегенмен, жаңаша ойлайтын, жаңашыл, креативті тұлға тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз: қазіргі таңда 2 немесе 3 тілді біліп, еркін сөйлеу, соның ішінде ағылшын тілі немесе өзге тіл болсын, ешкімді таң қалдырмайды. Осыған орай гимназиямыздың аптаның әр сәрсенбі күні «ағылшын тілі» күні деп жарияланып, осы күні оқушыларымыз да, мұғалімдеріміз де бір-бірімен ағылшын тілінде сөйлеуге, әр түрлі қызықты іс-шаралар өткізуге дағдыланған. Оқушыларымыз жан-жақты ашылып, қала, республика, халықаралық деңгейде өтілген жарыстарда биік шыңдарынан байқалды. Атап өтетін болсақ, 10 сынып оқушысы Кенжеғұл Мөлдір республикалық оқушылардың пәндік олимпиадасында 1 орынға ие болды, 7 сынып оқушыларымыз Мәділ Айым мен Мәділ Гүлім Париж қаласында өткен халықаралық байқауының жеңімпаздары болды. Оқушыларымыздың шығармашылық жұмыстары түрлі көрмелерден орын көрді. Бастауыш сынып оқушыларымыз республикалық «Зерде» ғылыми жоба байқауында өздерінің талап-таланттарымен ерекше бағаланып келеді.

Біздер жаңартылған білім мазмұнының талаптарына сай қалыптаспауымыз, өзіміздің өзгергіміз келмеуіне байланысты оқушыларымыздың жан-жақты дамуына кедергі болмауымыз керек. Білім беру жүйесінде жаңғыру қарқынды түрде жүріп жатыр, артқа қарай жол жоқ дегіміз келеді.

 

 

 
 

Теория и практика





 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no