электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Теория и практика

 

   

Архив статей 2017 г.

 

Бастауыш сыныптарда оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесін қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру

№ 2 (163) февраль 2017г.

ОРЫНБАЕВА Ш.А., Лисаковск қ., № 6 мектеп


Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болды. Ендеше, әлеуметтік ортаға бейімделген өзін-өзі дамыта алатын тұлғаны қалыптастыру, дамыту алдында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды басқа көзқараспен қарауды қажет етеді.

Бүгінгі таңда жеке тұлға, яғни дарынды тұлға қалыптастыру білім беру үрдісіндегі мемлекеттік істің маңыздысы болып отыр. Олай болса, оқушыларға оқу материалдарын тек баяндап, түсіндіріп қана қоймай өз бетімен іздену білігі мен дағдысын қалыптастыруға, оның зерттеу жұмыстарына ықпал етіп, бағыт-бағдар беру – әрбір ұстаздың басты мақсаты.

Менің де мақсатым – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушыларды өз бетінше білім алу үрдісінде бірлесе әрекет ету, яғни баланың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол ашып, шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Осы тұрғыда мен профессор Ж.А. Қараевтің «Бастауыш сыныптарда оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі педагогикалық технологиясын қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру» тақырыбында жұмыс жасаудамын.

Бұл технология біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға көмектеседі, өйткені ол оқушының ойлау қабілетін, ынтасын, белсенділігін көтереді. Әр оқушының оқушылық деңгейде білім алуына мүмкіндік береді. «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» педагогикалық технологиясы «Деңгейлеп-саралай оқыту технологиясының оқыту» технологиясының талаптарына сәйкес келеді, өңделген түрде ұсынылған.

Технологияның мақсаты:

Жеке тұлға қандай болу керек?
1. Тиімді шешімді таба алатын;
2. Оқу, кәсіптілік, тұрмыс мәселесін кез келген жағдайда шеше алатын;
3. Ішкі өзіндік қажеттілігін қанағаттандыра алатын;
4. Әлемдік білім кеңістігінде көріне алатын;
5. Шығармашыл іс-әрекет жасай алатын;
6. Мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі білуін талап ете алатын.

«Үш өлшемді әдістемелік жүйе» педагогикалық технологиясының талаптары:
1. Баланың жеке (зерделік, эмоцианалдық, ынталылық жіне т.б.) қасиеттерін, оның темпераментін, оқу материалын қабылдау ерешеліктерін, жадының түрін, т.б. ескерту қажет;
2. Оқу материалын меңгерту кезінде шамадан тыс жүктеме беріп, жүйкелік ауыртпалықты болдырмау
3. Сынып ұжымында тек қана жағымды жағдай ұстап тұруына, баланың психикалық жан-күйіне жағымсыз әсер беретін жағдайларды (өктемдікпен меңгерту, әдепсіздік және т. б.) болдырмауына кепілдік беретін педагогикалық үрдістің ыңғайын табу;
4. Білім беру үрдісін ұйымдастырып, жүзеге асыруда ізгілік үрдісін, парадигмасын және тұлғаның дамуына бағдарланған ғылыми көзқарас.

Бұл технологияның ерекшелігі:

Оқушы білімі анық бағаланады. Белсенділігі артады. Ой еңбегі жетіледі. Белгілі бір нәтижеге жеткенін іштей сезеді. Өз-өзіне деген сенімділігі артады. Өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға тәрбиелейді.

Шығармашылық деңгейге дейін жетуге ұмтылады, қызығушылығы артады. Зер сала қарасақ, оқушының білімді қабылдау деңгейі сыни баға беруге дейін көтеріледі. Технологияның тиімділігі мен ерекшелігі де осында.

Бұл технологияда деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту көзделеді: 1 деңгей

Бұл деңгейде оқушы өзінің алған білімдері арқылы нәтижеге жетуге тырысады. Бұрынғы алған білімдерін пайдаланады. Тапсырмалар да қарапайым, әрі жеңіл болады. Бұл деңгейдегі тапсырмаларды бәрі орындауға міндетті. 2 деңгей

Бұл деңгейде мақсат пен шешілуге тиісті жағдай анық, оқушы мақсатқа жету үшін өз бетімен жұмыс істейді. 3 деңгей

Бұл деңгейде мақсат анық, жағдай түсініксіз әрі күрделі. Оқушы оны өзі толықтырады, табады, шешеді. Оқушы жаңа хабарды, білімді өз ізденісімен алады. Бұл деңгей өнімді деңгей. 4 деңгей

Шығармашылық деңгей – мақсат жалпылама, анық емес. Оқушы оны анықтайды, жаңа нәрсе табады. Өз бетінше жаңа дүние әкеледі. Мысалы: шығарма, өлең жазу, тірек – сызбалар, кестелер сызу, т. б.

Шығармашылық деңгейге дейін жету үшін БЛУМ жүйесін қолдану тиімді.

Әр деңгейге сай сауатты сұрақтар мен тапсырмалар беріп, сабақты ұйымдастырады. Сыныптың педагогикалық және психологиялық ахуалы ескеріледі.

Оқушы іс-әрекеті:

Қабылдайды. Түсінеді. Ойланады. Пайымдайды. Көрсетеді. Жазады. Алған білімді пайдаланып, жаңа проблеманы шешеді. Салыстырады. Ашады. Талдайды. Нәтижесін көрсетеді. Продуктивті, шығармашылық жұмыстар құрастырады. Бағалайды. Талқылайды. Пікір алады.

Деңгей көрсеткіштері (БЛУМ жүйесі)
Білім
Түсіндіру
Қолдану
Анализ
Синтез
Баға
Сыни баға
Бұл технологиямен оқыту 3 кезеңнен тұрады:
1-кезең -5 ұпай «3» баға
2-кезең -5 ұпай «4» баға
3-кезең -5 ұпай «5» баға

Білім философиясы

Бағалау – Оқылатын материалдың құндылығын бағалау.

Пайымдау – Кешегі білімімен бүгінгісіне сүйене отырып, ойды жинақтап, түйін түю.

Талдау – Материалды компонеттерге жіктей білу.

Пайдалану – Оқыған материалды нақты жаңа жағдайда пайдалану біліктілігін көрсетеді.

Түсіну – Берілген материалды өз сөзімен басқа үлгіде жеткізе алады.

Білімділік – Оқыған материалды есте сақтауды қайталап беру.

Күтілетін нәтижелер:
- Оқушылардың білім сапасының артуы;
- Таным іс–әрекетінің дамуы;
- Өздігінен ізденуі;
- Өз-өздерін бағалау.

Сабақтың құрылымы:

 

 
 

Теория и практика





 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no
 
 

 

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10