Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
№ 5 (166) май 2017г.
ШАМҰРШАНОВА А.А., ЕРҒАЛИЕВА А.У., Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүние танымы қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Тәрбиенің сан – саласы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш сынып. Олай болса, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту, баланың бойында алған білімін өмірде қолдана білуге ерте кезден, балдырған кезінен дайындау деген сөз. Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтсе, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадап айтты. [2]
Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адам өзінің оқу және жазу дағдыларын әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасауда қолдана білу қабілеті, яғни адамға өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін және сол ортаға барынша тез әрі жайлылықпен бейімделуіне жағдай туғыза алатын сауаттылық деңгейі. Бұл деңгейде адам мәтіндерден өзіне қажетті ақпаратты, мәліметтерді іріктеп алуы үшін және сондай ақпаратты басқаларға жеткізе алуы үшін қажетті болатын қабілеттер қалыптасады. Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр.
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін оның теориялық- әдіснамалық негіздері анықталуы керектігі белгілі. Ол теориялық-әдіснамалық негіздер алға қойылып отырған келелі мәселенің бастау көздерін танытады. Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда мынадай мәселелердің басы ашық болуы тиіс:
- бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын жүйе ретінде танысақ, онда ол жүйенің құраушы бөлшектерін анықтау керек;
- бастауыш мектепте оқылатын әрбір жеке пән бойынша еліміздегі және осы бағытта қарастырылған шетелдік тәжірибені талдап-тану керек;
- бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы қалыптасуының межелерін, белгілері мен шарттарын айқын анықтап алу керек. [3, б. 3, 4. ]
Бастауыш cынып oқушыларының функционалдық сауаттылық мазмұны келесі құзыреттіліктерден көрінеді:
- оқу, жазу сауаттылығынан;
- жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;
- математикалық сауаттылығынан;
- компьютерлік сауаттылықтан;
- денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;
- құқықтық сауаттылығынан.
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Оқушының бойына білім нәрін дарытуға көмек беретін функционалдық сауаттылық мұғалім бойында да болуы тиіс. Барлық елде балаға білім беру ерекше орын алып келеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуға, байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуге оқушыларды тәрбиелеу мұғалімдердің басты борышы. Мұғалім сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып өтуінде, пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және сауаттылығына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық- эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – бастауыш сынып пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады.
Білім алу – батылдық,
оны толықтыру – даналық,
ал шебер қолдана білу – өнер!
«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» – деген екен Жүсіпбек Аймауытов. Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру ісін жаңа талап тұрғысынан өзгертіп, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.
Елбасымыз Н. Назарбаев: «Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған ə рі ə леуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі ə рдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген.
Олай болса шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін әр сабағымызда біз тек оқулық шеңберіндегі білімді үйретумен шектеліп қана қоймай, кең түрде әр баланың талабына, деңгейіне сай жұмыстарды саралап, ыңғайластыруымыз керек. Тұлға құзіреттілігін дамыту үшін, яғни бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда жаңа инновациялық әдіс – тәсілдердің ең тиімдісін пайдалану жоғарғы нәтиже береді деген қағидамен, өзіміз оқып, үйреніп, тәжірибеде пайдаланып келе жатқан сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы зор деген тұжырымға келдік.
Диалогтық интербелсенді оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру . Осы мақсатта төмендегідей әдіс – тәсілдерді қолдануға болады.
- «Екі таяқша» әдісі
- «Төрт сөйлем» әдісі
- «Тұжырым» кестесі
- «Эйлер» шеңбері
Мысал ретінде 3-сынып оқулығынан үш автордың ұқсас мәтіні алынады. Мақсаты мәтіндегі кейіпкерлерді табу, ісәрекетін талдау, іс-әрекеттің нәтижесін шығару. Үш мәтіннің негізгі түйінді ойын табу.
Оқу процесінде қолданылған интербелсенді әдістерді қолдану кезіндегі оқушының іс-әрекеті критериалды бағаланып, рефлексия жүргізілсе онда біздің де алдымызда отырған оқушының да жұмысы, даму деңгейі бірден көрінеді және олардың функционалды сауатты болып дамитындығы сөзсіз. Яғни біз аталған мақсат, міндеттерімізді, Ел басымыздың алдымызға қойылған заман талабын орындауда өзіміздің бір үлесімізді қосамыз деген ойдамыз. Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:
- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;
- ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;
- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;
- шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
Өз сабағымызды Блум таксаномиясы негізінде және «Дамыта оқыту» технологиясының элементтерін пайдалана отырып құрастыру үлгісін назарларыңызға ұсынғалы отырмыз. Себебі, Блум таксаномиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады.
Тақырыбы: «Өнер білім бар жұрттар» Ы. Алтынсарин

«Бес жолды өлең» әдісі
Кім? Әже
Қандай? Қамқоршы, нәзік
Не істейді? Мәпелейді, аялайды, тәрбиелейді
Түйін Мені әжем мәпелеп өсіреді.
Синоним Адам
Сабақтарымызда осындай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, яғни білім мен тәжірибе ұштастыра отырып төмендегідей көрсеткіштерге қол жеткіздік.
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
- белсенділік
- шығармашылық тұрғыда ойлау
- шешім қабылдай алу
- өз кәсібін дұрыс таңдай алу
- өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын аттыру үшін мұғалім шебер болуы керек. Ол баланы қалай оқыту, оның сабаққа деген ынтасын қалай ашуға болады деген сұрақтар төңірегінде жұмыс жасауы тиіс. Жалпы адам баласы есту, көру, ұстап көру, сезу және иіскеу арқылы есте сақтайды. Кейбір оқушылар жазбашаға, кейбірі ауызшаға қабілетті болып келеді. [3]
Функционалдық сауаттылықты түсінудің басқа да жолдары бар: адамның жақсылық пен тілектестік рухында тәрбиеленуі үшін қарым-қатынас мәдениетін, жеке кәсіби дайындығын, кәсіби технологиялық дайындығын қамтамасыз етеді.
Бүгінгі оқушы – оқу-тәрбие үдерісіндегі орталық тұлға, ертеңгі Қазақстан Республикасының азаматы, еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуына өз үлесін қосатын қызметкер немесе жұмысшы. Сондықтан да олардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырумен қатар, мәдени-рухани дамуына, яғни оқушылардың жалпы мәдениетiн көтеруге баса көңiл бөлiнiп, жеке бас гигиенасынан бастап, жалпы халықтық мәдениет туралы мәлiметтер беруге дейін мән берілуі керек. Әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда ұғымдық-ақпараттық материалдармен шектелмей, әдебиет, сәулет, өнер, ғылым салаларынан да белгілі бір деңгейде мағлұматтардың енгізілуін ескеру қажет.
Қорыта келе, оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Осы ретте, бастауыш сыныпта сабақты дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. «Қыран – түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз – шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды», – деген даналық сөзіндей, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан тұлғаны қалыптастыруда Елбасының биылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» жолдауын басты ұрандай ұстансақ артық болмас, өйткені болашақ тізгінін ұстайтын ұрпақтың функционалды сауатты болуын біз назарда ұстауымыз керек дегіміз келеді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы). [Электрон.ресурс]. Источник доступа: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000832
2. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы. [Электрон.ресурс]. Источник доступа: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1200000261
3. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру (бастауыш сыныптар) Әдістемелік құрал. – Астана, 2013
|