электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Теория и практика

 

   

Архив статей 2017 г.

 

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

№ 5 (166) май 2017г.

САПАРОВА Б.Қ., «Қостанай Дарыны» аймақтық ғылыми практикалық орталығының зияткерлік сайыстар бөлімінің әдіскері


Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және өз бетінше білім алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.

Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілетті дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт- бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Бала дарындылығы өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім алуда, басқалардан аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінен көрінеді.

«Дарындылық» термині «дарын» сөзінен шыққан, адамның ерекше қолайлы ішкі алғы шарты дегенді білдіреді. Дарындылық білім беру, тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана емес, балалардың өз күштерін жүзеге асыру кезінде ғана дамиды.

Мұғалім ретіндегі оқу мен тәрбие саласындағы аса маңызды міндет – талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. Ал мақсаты – тәрбие мен білім халықтық бола отырып, ұлттық дәстүрді ұстаушы, дені сау, адамгершілігі мол, қабілеті дамыған, жан- жақты, саяси сауатты, өресі биік азамат тәрбиелеу.

Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарылығымен, қоршаған ортасына деген құштарлылығының басымдылығымен түсіндіріледі.

«Жас бала жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» дейді халқымыз. Жерге отырғызылған жас көшет қашан тамырын тереңдетіп, жапырағын жайып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей қарауды қажетсінеді. Адам да сол тәрзілді.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты
1. Пәнге терең қызығушылығын арттыру.
2. Баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту.
3. Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру.
4. Жалпы білім-білік дағдыларын дамыта оқыту.
5. Оқушының белсенділігінің арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту.
6. Білімнің бағасын арттыру.

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың міндеті
1. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жан- жақты дамуына жеке адамдық ерекше көңіл бөлу.
2. Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.
3. Оқушыны қоршаған ортаны аялауға, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары
1. Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу.
2. Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу.
3. Тереңдетілген бағдарлама бойынша оқыту (жеке, топтық, жұптап).
4. Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақ, ребус, шығарма, өлең, шығару т.б.), өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.
5. Мектепішілік және аудандық, пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға қатыстыру.
6. Жаңа педагогикалық технологиялар пайдалана отырып оқыту.

Оқу – тәрбие ж ұ мысын да оқ ушылардың шығармашылық дамытуының түрлері
1. Ақпараттық құралдар (газет-жұрнал, радио, теледидар) жаңалықтарымен таныс болу.
2. Өнер қайраткерлерімен, ақын-жазушылармен кездесу өткізу.
3. Түрлі тақырыптарда әңгіме, пікірталас, кездесу өткізіп,алған әсерлері бойынша шығарма жазу,ауызша және жазбаша түрде өз ойын еркін жеткізе білу.
4. Күрделі тапсырмалар орындау.

Осындай жұмыстардың үнемі жүргізілуі оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашуға, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Баланың шығармашылық дарындылығының нәтижесінде мына сипаттамаларды атап айтуға болады:
- ақыл-ойдың жоғары қажеттілігі;
- зерттеу кезінде білімге ерекше құштарлық танытатын жоғары қажеттілік;
- белгілі бір іс-әрекетке, кәсіпке аса қызығушылық таныту, бір іспен шұғылдану;
- өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуге табандылық көрсете білу;
- тапсырмаларды өз бетімен ойлай және шеше білуге ұмтылу.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақта еңбек етіп өмір сүретін – бүгінгі мектеп оқушылары.

Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, яғни тәрбиенің түпті мақсаты – қоғамның нарықтық қарым- қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға алатын, ізгілігімен 21 ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеп қалыптастыру» деп тұжырымдады.

Дарындылыққа барар жолдың басты міндеті:
- оқушының жеке ерекшелігі мен қабілетін зерттеп зерделеу;
- шығармашылық ғылыми ізденіске өзіндік зердесінің дамуын назарда ұста;
- оқушының өз бетінше әрекет етеуіне мүмкіндік беру.

Осы міндеттері жүзеге асырудағы оқу-тәрбие үрдісін ғылыми-зерттеу негізінде жүргізіп, оқушылардың дарындылығын дамытатын арнайы жоспармен жұмыс атқару керек. Осындай қабілетті, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, ата-ана, мектеп, оқушы, ұстаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылықпен жұмыс істеп оқушының білімге ынтасын арттыру керек.

 

 
 

Теория и практика





 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no